Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 25.06.2018


«Көшбасшы болуға үйренейік»
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Семейде дүниеге келіп, Қарқаралы қаласының ұланы атанған қарағандылық қаламгер, сазгер Бақытқали Мұсабековтің қатысуымен  «Көшбасшы болуға үйренейік»  атты кездесу кеші өтті. Өткізілген  іс-шара барысында Бақытқали Мұхамедқалиұлының «Көшбасшы болуға үйренейік», «Мақсатқа жету технологиясы»  атты екі кітабының   тұсаукесері  болды.
Автормен  кездесуге екі мәр­те Кеңес  Одағының   батыры Т. Би­­гелдинов атындағы  Қара­ған­ды­­ рес­публикалық әскери мек­теп ин­тер­натының I-курс тәрбие­ле­нушілері жә­не  жалпы білім бе­ретін №81 орта мек­тептің 9-сынып оқушылары жиналды.  Жерлес қа­ламгер «Көшбасшы болуға үй­ре­нейік»  атты кітабында көшбасшы болуға талпынып  жүрген және оның қыр-сырын жан-жақты зерттеп біл­гісі келетін адам үшін өте тартымды ақпарат берді.   
Жас оқырмандар кітаптардың авторына «Көшбасшы дегеніміз кім?», «Көшбасшыны қалай қалыптастыруға болады?» деген сияқты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын  алды.
– Көшбасшы деген сөзді әркім өзінше түсінеді. Біреулер көшбасшы деген ұғымға  идея таратушы десе, басқаларына ол үлкен жетістікке қол жеткізген жан болып көрінеді, ал үшіншілері кез келген адам бастық болып тағайындалғанда көшбасшы болып шыға келеді деген пікір айтады, – деп сөзін бастаған автор көшбасшы болуға талпынып өсіп келе жатқан жасөспірімдерге тың мағлұмат берді.  
Кітапхана директоры Н.Жайлы­баева тұсаукесерге белсене қатысқан оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара соңында «Көшбасшы болуға үйренейік» атты кітап көр­месіне шолу жасалды.
Қ.ҚАЛИЕВА
Абай атындағы облыстық
балалар кітапханасының қызметкері.
Қарағанды қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 855
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px