«KazSat-3»-ке қосылудың қажеттілігі - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне қосылып үлгеру қажеттілігінің 7 себебі бар. Осыған орай, «Қазтелерадио» АҚ Қарағанды филиалының өкілі Дархан ЖАМБЕКОВ цифрлық телевизияны енгізудің қызықты деректері туралы әңгімелеп берді.

– Дархан Болатұлы, баршаға мәлім болғандай, 2014 жылдың желтоқсанында шетелдік жерсеріктерден ақпараттық сыйымдылықтарды жалға алудан бас тарту арқылы елден қаражаттың жылыстауының алдын алатын және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазақстандық «KazSat-3» жерсерігі іске қосылған болатын. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларды таратудың Ұлттық операторы ретінде, сондай-ақ, өзінің цифрлық сигналының хабар таратуын отандық жерсерікке көшіруде. Қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңіз жөнінде және осы көшудің маңыздылығы неде екенін айтып берсеңіз?

– 2016 жылдың 15 наурызынан біз «OTAU TV» жерсеріктік телевизия­ның абоненттерін отандық «KazSat-3» жер­серігіне көшіруді бастадық. Қазақстандық жерсеріктің пайдасына таңдау, экономикалық мақсатқа сәйкестілігімен қабылданған, мем­лекеттік органдарды байланыстың тәуелсіз арналарымен қамтамасыз етуден басқа, отандық телерадио арналар өзіндік қаражаттарын айтарлықтай үнемдейді, өйткені шарттар теңгеде жасалады және шетелдік валютаның бағамына байланысты емес, отандық жерсерікте сыйымдылықтарды жалға алу шетелдік жерсеріктерге қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша, біз өз еліміздің экономикасының дамуына септігімізді тигіземіз және бұл отандық жерсерікке біздің көшуіміздің қажет болуының бірінші және басты себебі болып табылады.

Бұдан бұрын «OTAU TV» жер­се­ріктік телевизияның хабар таратуы 2016 жылдың күзінде өз жұмысын аяқтайтын шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылды. Қазіргі таңда «OTAU TV» қызметтерін 1 млн. астам абонент қолданады және 2016 жылдың қыркүйегіне дейін олардың әрқайсысы шетелдік жерсерікті өшіргеннен кейін телевизия арқылы ақпарат алудан айырылып қалмау үшін жерсерікті жабдықты қайта күйге келтіруді міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс. Бұл – екінші себеп.

– Абонент өз бетімен жабдықты қайта іске келтіре ала ма?

– Иә, ол үшін «KazSat-3» жерсерігіне абоненттің жабдығын күйге келтіру бойынша оқытушы бейне нұсқаулық-материал дайындалған болатын. Бұл материал Интернет желісінде www.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайттарында қол жетімді. Егер жанұяда әртүрлі себептер бойынша жабдықты күйге келтіретін адам болмаса, онда абоненттер шарттық негізде күйге келтіруді жүзеге асыратын авторландырылған дилерлерге білікті көмекті алу үшін жүгінулеріне болады. Олар әрбір ауданда, сондай-ақ, барлық байланыстар www.otautv.kz сайтында бар. Бұл қызметтің құны 2000 теңгеден аспайды.

Абоненттердің назарына, өз жабдығын күйге келтіргеннен кейін ол туралы колл-орталықтың: 193 немесе 8(727)2581500 телефондары арқылы міндетті түрде хабарлауы немесе өз дербес шотының нөмірін және телефон нөмірі туралы ақпаратты өз өңірінің сату орталығына қалдыруы тиіс, бұл абонентке кепілді сыйлық алуға мүмкіндік береді. Бұл – үшіншіден.

– Дилерлер, олардың қызметтері туралы нақтырақ баяндап берсеңіз.

– OTAU TV абоненттерінің саны, аталып өткендей, 1 млн. үй қожалығы белгісінен асты, оның 60%-ы ауылдық елді мекенде орналасқан. Біздің елдің кең географиясын ескере отырып, біз елдің барлық аумағы бойынша орнатуды өз күшімізбен қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін өте жақсы білдік. Сондықтан да, дилерлік желіні дамыту шешімі қабылданды. Авторландырылған дилерлер қабылдағыш жабдықты (қабылдағыштарды, антенналарды, конверторларды) жеткізуге, жабдықтың құрастыру мен қайта күйге келтіру жұмыстарын іске асыруға уәкілетті. Дилерлер «Қазтелерадио» АҚ штаттағы қызметкерлері емес – бұл жабдықты орнату және сервистік қызметті көрсету бойынша қызметтерді көрсете отырып, нақты табысқа ие Жеке кәсіпкерлер және Жауапкершілігі шектеулі серіктестер. «Қазтелерадио» АҚ диллердің атқарған жұмыстарынан табыс бөліспейді, тек ресми дилерлер ретінде оларды авторландыра отырып, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндігін береді. Сәйкесінше, «KazSat-3»-ке көшу үшін төлем төлей отырып, сіз, тек, дилердің қызметтері – оның келуі және қайта күйге келтіру бойынша жұмыстары үшін ғана төлейсіз.

– Қосылу үшін өтінішті қалай беруге болады және шебердің келуін қанша уақыт күту керек?

– Жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіру үшін өтінішті бірнеше тәсілдер арқылы қалдыруға болады: жоғарыда көрсетілген нөмірлер арқылы колл-орталыққа қоңырау шалу арқылы; Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша өңірлік абоненттің бөлімге қоңырау шалуы арқылы; немесе www.otautv.kz ресми интернет-ресурсында онлайн-өтінішті қалдыру арқылы.

Бұл өтініштер дилерлер арқылы үлестіріледі және бір-екі күн ішінде шебер Сіздің үйіңізге барады, қайта күйге келтіру үдерісінің өзі жарты сағаттан аспайтын уақытты алады. Бұл қайта күйге келтіру үдерісін ұзаққа созбаудың төртінші себебі.

Алыстағы ауылдық аудандардың тұрғындары бірлесіп, қайта күйге келтіруге өтініш берулеріне болады, осылайша дилер бір күннің ішінде барлық елді мекенде жерсеріктік жабдықты қайта күйге келтіре алады. Егер, елді мекеннің тұрғындарының бірі қайта күйге келтіру үшін өтінішті беру шешімін қабылдаса, ол туралы мүмкіндігінше «OTAU TV» жерсеріктік телевизия орнатылған барлық тұр­ғындарды хабардар етіңіз. Осылайша, Сіз дилердің жұмысын жеңілдетесіз және қайта күйге келтіру үрдісін жылдамдатасыз. Дилерге бір-екі өтінішті орындау үшін алыстағы ауылға әрдайым бару қиын болады, ол сондай-ақ, көшу мерзімдеріне және қызмет көрсетудің құнына да әсер етуі мүмкін.

– Қазақстандық жерсерікке көшкеннен кейін көрермен қандай қосымша артықшылықтарға ие болады?

– Біздің абоненттер цифрлық телевизияның кескіні мен дыбыс сапасын бағалап үлгерді. Қосымша, электрондық хабарлар бағдарламасы және Телегазет сияқты сервистер болады. Біздің тараптан тұрақты негізде арналар топтамасының құрамын – олардың сандық және сапалық түрін де жетілдіру бойынша жұмыстар өткізіледі. қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ағымдағы жылдың күзінде ақылы топтаманың пайдаланушыларына қол жетімді болатын HD (айқындығы жоғары арналарын) арналарын көру мүмкіндігін береді. Бұл – қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіп үлгеру қажеттілігінің бесінші себебі.

– Біздің елде цифрлық телевизия толықтай енгізілуде. Нарықта әртүрлі жағдайларда цифрлық, оның ішінде, жерсеріктік телевизияға қосылуды ұсынатын операторлар пайда болуда. Сіз, өз қызметінің кәсіпқойы ретінде, қарапайым адам таңдауда қалай қателеспеу керек екендігін айтсаңыз?

– Негізінде, таңдау әсіресе қалалық тұрғындар үшін өте көп. Мысалға, кәбілдік оператор оңайлықпен бармайтын республиканың шалғайдағы аудандарының тұрғындары туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл оларға коммерциялық тұрғыдан тиімді емес. Қаражатты салу керек, тұрғындардың төлем қабілеттілігі төмен қол жетімділігі аз аудандарда қосылу желісін дамыту керек. Цифрлық телевизия іске қосылғанға дейін шалғайдағы елді мекен тұрғындары 3-4 аспайтын отандық арналарды көргені ешкімге құпия емес. Республикасының шалғайдағы аудандарындағы тұр­ғындардың ақ­параттық теңсіздігінің деңгейін төмендету мақсатында, Елбасының тапсырмасы бойынша елде цифрлық телевизияны енгізудің бірінші кезеңі болып табылатын «OTAU TV» жерсеріктік телевизия іске қосылған болатын. Жерсеріктік телевизия елдің 100% аумағын қамтиды және осылайша барлық қазақстандықтарға еркін қол жетімді 50 астам отандық және ақылы топтаманы қосу барысында 100 астам телерадио арналарды ұсынады.

Телевизия операторын таңдау барысында бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының аумағында теле­визиялық және (немесе) радиохабар таратуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге лицензияның болуына назар аудару керек. Газеттер мен Интернет жерсеріктік жабдықтың жиынтығын сату және әртүрлі операторлардың, оның ішінде біздің елдің аумағында қызметтерді ұсыну құқығына ие емес операторлардың қызметтеріне қосылу бойынша ұс­ыныстарымен шұбарлайды. Осылайша, олар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзады және сонымен қазақстандық телевизияның дамуына бөгет болады. Қазақстандық операторлар болса жаңа жұмыс орындарын ашады және мемлекеттік бюджетке салық төлейді, бұл ретте біздің экономикамыздың және отандық телевизияның дамуына өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, шетелдік операторлардың телетоптамаларында қазақстандық телеарналар жоқ. Жерсеріктік және кәбілдік хабар тарататын қазақстандық оператор өзінің шетелдік әріптестеріне қарағанда қазақстандық та, шетелдік те телеарналарды трансляциялайды. Шетелдік операторды таңдау барысында Қазақстандық азаматтар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен шектеледі.

Таңдау әрқашан қызметтердің тұтыну­шыларында болады. Алайда, жоғарыда аталғандар отандық өн­дірісті, отандық телевизияны және Қа­зақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшуді қолдау қажеттілігі алтыншы және жетінші себебі болады.

Рахмет!

Сұхбаттасқан Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2560
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px