«KazSat-3» жерсерігі жүйесіне ауысады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

«KazSat-3» жерсерігі жүйесіне ауысады
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ өзінің цифрлық телеарналарының хабар таратуын шетелдік жерсеріктен отандық жерсерік жүйесіне көшіруді бастады. Бұл – «Мәңгілік Ел» ұстанымы бағытындағы мемлекеттің мәні зор істерінің бірі. Осындай мазмұндағы ақпарат аталған акционерлік қоғамның Қарағанды облыстық филиалы тарапынан таратылды.  

Өркениеті озық елдер ақпараттық қоғам қалыптастырып жатқан кезеңде телерадиоарналар қоғамның рухани дамуы мен экономикалық тұрғыда өсу үдерісіне, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық институттардың дамуына барынша тиімді ықпал ететін маңызды ақпарат құралдарының санатына енді.
Қазақстан Республикасында бірегей ақпараттық кеңістік құру ұстанымы аясында телерадиохабарлар таралымын, ең алдымен, әр азаматтың конституциялық құқығы мен еркіндігі тұрғысынан қарастырған жөн. Ресми дерек көздерінің мәліметі бойынша соңғы бес жылдың мұғдарында электрондық ақпарат құралдары мен жаппай коммуникацияны өндіру және тарату саласында біршама оң сипатты өзгерістер орын алған.  
Саясаты салмақты мемлекеттердің барлығы, алғашқы кезекте, байланыс жүйесін тәуелсіз ету шараларын қолға алатыны белгілі. Себебі, байланыс – мемлекетті басқарудың аса маңызды жүйесі.
Ұлттық «KazSat» жүйесі казақстандық операторлардың заманауи сұраныстары мен қажеттіліктерін өтеу мақсатында жасалып, қолданысқа енгізілген еді. Телекоммуникациялық «KazSat-3» ғарыш аппараты байланыс, телехабар тарату және Қазақстан мен жақын шетелдерге жоғары жылдамдықтағы Интернет жеткізу қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді, барлық сандық телеарналар қазақстандық «KazSat-3» жерсерігінің байланыс арналары арқылы өтетін болады.
Сонымен қатар, аталған жүйе еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін анағұрлым арттырып, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етеді. Бұдан тысқары, шетелдік жерсеріктерді жалға алуға бөлінетін көлемді қаражат ағынын тоқтатуға мүмкіндік береді.
«KazSat-3» жерсерігінде жиіліктің Ku-диапазонындағы 28 транспондер орнатылған, олар Қазақстан аумағын байланыс қызметімен үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі 1 миллионнан астам үй шаруашылығы «Otau TV» желісіне қосылған.  Демек, бұл – 4 миллионнан астам қазақстандық телеарналарды көріп, радиостансаларды тыңдайтын ақпарат көзі – «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісін тұрақты түрде тұтынады деген сөз.  
Барлық абоненттер үшін қондырғыны жаңа желіге сәйкестік күйіне келтірген кезде 58,5 градусқа жаңа геостационарлық позиция тіркелуі керек.
Бір сөзбен түйіндегенде, енді, Қазақ­станның барлық аумағының тұрғындары қосымша арналарды көре алады, яғни, отандық жерсерікке көшу нәтижесінде сандық арналар қолжетімді болады.
Отандық өндірісті қолдау бағдарламасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағалы бастамаларының бірі. Өз кезегінде, ол бағдарлама мем­лекеттің дағдарысқа қарсы саясатының маңызды бір бағыты болып табылады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 447
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px