KEGOC: жасыл экономикада үлес зор - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

KEGOC: жасыл
экономикада үлес зор
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Әлемнің қайта қалпына келетін қуат көзін тұтынуға ден қойғаны әлдеқашан. Дүние жүзі «жасыл экономика» деп әспеттейтін салаға біздің елдің бүйрегі бұрғаны біраз. Алдағы   «ЭКСПО – 2017» көрмесінің де аталған тақырыпты арқау етуі кездейсоқ емес. Ал, бұдан елдегі ірі қуат өндіруші ұлттық компаниялар қалыс қалып отырған жоқ. Мәселен, жүйелік оператор ретінде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) жұмысының сенімділігін  тиімді түрде қамтамасыз ететін  «KEGOC» АҚ бүгінде бұл бағытта белсенді.
Еліміздің «жасыл экономикаға» көшуі жөнінде қабылданған тұжырымдамаға сәйкес мемлекетіміз күн мен жел электр станцияларының электр энергиясын өндірудің жалпы көрсеткішіндегі үлесін 2020 жылы 3%-ға және 2030 жылы 10%-ға жеткізу міндетін қойды.
Компания басшылығының айтуынша, осы міндеттерді орындау мақсатында «KEGOC» АҚ ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын құрды. Ол күн мен жел электр станциялары  өндірген бүкіл электр энергиясын бір орталықтан, кепілді түрде сатып алады.
«Өткен 2015 жыл  Қазақстанда  ЖЭК-ты пайдалануды қолдау тетігін құру мен дамыту тұрғысынан барынша нәтижелі жыл болды десек болады. Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі 50 МВт-қа арналған  күн электр станциясы мен  Ақмола облысында  45 МВт-қа арналған  жел электр станциясы және т.б. іске қосылды. Бүгінгі күні  жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын  барлық қолданыстағы  электр станцияларының  жалпы белгіленген қуаты  240 МВт-ты құрайды» дейді «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қаржы-есеп айырысу орталығында  15 жыл бойы  кепілдікпен сатып алуға  жалпы белгіленген қуаты  960 МВт-ға 44 ұзақ мерзімді келісім-шарт жасалған.
Сонымен қатар, 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қаржы-есеп айырысу орталығы  5,5 млрд. теңге жалпы сомасына 200 млн. кВтс-дан астам «жасыл» деп аталатын энергияны сатып алған екен. Биыл, яғни,  2016 жылы мұны  екі есеге жеткізу жоспарда.     
Бұдан басқа, қазіргі уақытта  «KEGOC» АҚ еуропалық сарапшылармен және Дүние жүзілік Банктің,  IFC және ЕҚДБ өкілдерімен жаңартылатын энергия көздері секторының дамуын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жақсарту және ең озық әлемдік іс-тәжірибені қолдану жөнінде бірлесе жұмыс атқаруда екенін айтады компания жетекшілері.
Қазіргі уақытта KEGOC Елбасының тікелей тапсырмасымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде компания тарихындағы ең ауқымды жоба – «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ салуды» іске асыруда. Ол екі кезеңнен тұрады.
I-кезең –Екібастұз – Семей – Өскемен 500кВ ӘЖ салу. Осы аталған желіні іске қосу «Солтүстік-Шығыс» бағытындағы желілердің өткізу қабілетін арттырады. Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары тікелей  Қазақстанның электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргідей Ресей аумағы арқылы өтетін бүгінде пайдаланылып отырған транзиттік желілердің жай-күйіне тәуелді болмайды. Болашақта осы жоғары вольттық желі Ертіс ГЭС каскадының толық қуат беруін қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі уақытта  Екібастұз – Семей – Өскемен 500кВ ӘЖ салу шеңберінде жалпы ұзындығы 500 кВ 600 км желінің 520,8 км желісі салынды. 500 кВ «Семей» ҚС-да кіре беріс жолымен «Семей – Шүлбі ГЭС» 220 кВ ӘЖ желісінің құрылысы бойынша жалпы ұзындығы  106 шақырым желінің 60,7 км салынды. Сондай-ақ, 500 кВ «Семей» ҚС, 500 кВ «Өскемен» ҚС және 1150 кВ «Екібастұз» ҚС құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның II-кезеңін іске асыру, Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алма 500кВ ӘЖ салу жобасы биыл басталды. Екінші кезеңнің жұмыстарын аяқтау ҰЭТ-тың транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол бойындағы электрлендірілетін учаскелердің электр энергиясына деген қажеттілігін жабады. Тау-кен өнеркәсібі объектілерінің энергия сыйымдылығын қамтамасыз етеді. Шекаралас аймақтар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл қазіргі таңда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселелердің бірі.
«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ салу» жобасының әлеуметтік маңызы зор. Құрылыс кезінде 1861 жаңа жұмыс орны ашылды.
Дерек пен дәйек
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 533
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px