Кертолғау - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Кертолғау
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Ауылдағы ағайын қалаға жүгінді. Қаланың қара базарына. Жылқының етін сатып алу үшін.

Бір кездері дүркіреген кенттің азаматы өмірден озды. Енді, қонақасына соятын жылқы табылсын. Сол ауылдан. Тым болмаса, аудан басынан. Дал болған туыстары еріксіз Қарағандыдағы ет базарына сабылды. Әбүйір болғанда, сол жерден бір жылқыны сатып алып, қаралы үйде қазан көтертті.
Айтпақшы, базардағы алыпсатардың айласына көнбей көріңіз. «Соқырдың өз бидайын – өзіне...»  
Міне, тағы да парадокс! Ауылды жерде асқа арнап сою үшін пышаққа ілінетін түліктің реті жоқ. Ірі қара да, ұсақ мал да арып-азып тұр.  
«Қазақтың жері – малдың кіндігі» емес пе?! Қасиетіңнен айналайын Әлекеңнен (Әлихан Бөкейханов) қалған сөз.
Кінәні кімге тағасыз?
Бұл – кері сауданың кертолғауы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 322
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px