Халықаралық додалардың жеңімпаздары - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Халықаралық додалардың жеңімпаздары
Бүгінде робототехника – тез дамып келе жатқан сала. Робототехника технологиямен тығыз байланыста.Технология дамыған сайын зерттеулер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Осындай жаңалықтардан мектеп оқушылары да шетте қалып жатқан жоқ. Облысымыздың бірнеше мектептері робототехникаға қол жеткізіп, оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосуда. Осыған дәлел – екінші рет кеншілер қаласында өткізіліп отырған «RoboLand-2016» халықаралық фестивалі. Биылғы фестивальге Сербия, Ресей мемлекеттерінің өкілдері және Қазақстанның барлық аймақтарынан, Алматы, Астана қалаларынан келген 500-дей үміткер қатысты.
№1 Қарағанды қазақ-түрік лицейінің бұл фестивальдағы жетістіктері өткен жылғыдан кем болмады. «Механикалық сумо» бойынша роботтарын сайыстыруда 8-сынып оқушылары Азамат Төлегенов,  Надыр Алтынсарин І-орын, «Интеллектуальдық сумо» бойынша 11-сынып оқушылары Айсұлтан Хасенов, Руслан Ерғанат І-орын иеленді.  «Кегел ринг квадро» сайысында 11-сынып оқушылары Дүйсенбай Рамазан мен Тасболат Рауанның роботтары ІІ-орынға, «Лабиринт» бойынша 8-сынып оқушылары Нариман Имашев пен Тен Эдуардтың роботтары ІІІ-орынға, «Ралли» бойынша 11-сынып оқушылары Жахангир Қажиев пен Дархан Ақниеттің роботтары ІІІ-орынға лайық болды. Бұл оқушылардың жетістігінде информатика мұғалімі Нұрлан Тлеукиннің еңбегі зор екендігін айтпауға болмайды.
Ал, екінші қуанарлық жетістік – Астана қаласында екінші рет өтіп жатқан халықаралық ағылшын тілі бойынша «The world scholars Cup» олимпиадасынан алынған жүлделер.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.
Қазақстанның қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары, Қырғызыстанның Haily buri, Chyngyz Aitmatov Boys High School, QSI, т.б. мектептерімен бірге Американың оқушылары да қатысқан, жалпы, 120 мемлекеттен келген өте тартысты әрі ауқымды олимпиадаға лицейіміздің 7-8-9 сынып оқушыларынан құралған команда қатысты. Үлкен төрт бөлімнен тұрған олимпиaданың – «Debate», «Challenge», «Writing», «Scholar’s Bowe» жетістіктері оңайлықпен келмеді.  Тапсырмалар сұрақ-жауап, тест, тыңдау, сөйлеу, жазу арқылы жан-жақты сауаттылықты сынады.
«School Top Scholar’s Champion debates» бағыты бойынша  Д.Нығматуллин, Т.Қыдыркен, Ә.Манап Алтын медаль иеленді. «School Top Scholar’s Champion debates» бойынша 9-сынып оқушысы Әлібек Жарылғапов  екінші рет Алтын медаль иесі болды.  «Challenge Special Area және Science» бойынша Арсен Оразов 9-сыныптар арасында, Ерасыл Дүйсенқұл 7-сыныптар арасында Күміс медаль,  «Challenge Literature» бойынша Тамерлан Қыдыркен,  «Challenge History»  бойынша Ерасыл Құдайбергенов, «Challenge Social Study» бойынша Дамир Жарылғапов Күміс медальді қанжығалады.
Жалпы командалық сайыстар бойынша  – «Top Debate Teams», «Top Writing  Teams», «Global Qualifying Teams»-тан Күміс медаль, «Top Challenge Teams» бойынша да Күміс медаль иесі болып қайтты.  Жалпы осы олимпиадада 6 алтын, 37  күміс біздің оқушыларымыздың еншісіне тиді. Ағылшын тілінде емін-еркін сөйлеп қана қоймай, өзінің жан-жақты білімін көрсетулеріне мүмкіндік жасаған, өз уақытын аямай, тынымсыз еңбектенген ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрғиза Азирова апайымыздың еңбегі ерекше.
Р.S. 6-сыныпты бітірген, заманауи білім мен ұлттық құндылықтарға бай тәлім-тәрбие алғысы келетін шәкірттерге 24 сәуір күні лицейімізде қабылдау емтиханының 1-турын өтетіндігін ескерте келе, алдағы мүмкіндіктеріңізге ашылатын даңғыл жолға қарай ұмтылыңыздар дегім келеді.
Ақсәуле Шамурадова,
№1 Қарағанды қазақ-түрік лицейі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 154
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px