Халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының назарына ескерту - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының назарына ескерту
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды облысының аумағында «Атасу-Алашанькоу», «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырлары, ТОБЖ байланыс желілері салынғанын, олар километрлі бағандармен және ескерту белгілерімен белгіленгенін ескертеді.
ҚР «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету Ережелеріне сәйкес,  келесі күзету аймақтары белгіленеді:    
1) магистральды мұнай құбырларының трассалары бойында – әр жағынан құбыр осінен елу метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде магистральды мұнай құбырының күзетілетін аймағы әр жағынан құбыр осінен жиырма бес метрде өтетін шартты сызықтармен шектеледі;
2) бір техникалық дәлізде салынған көп жікті құбырлардың трассалары бойында – шеткі құбырлардың осьтерінен 1) тармақшамен қарастырылған қашықтықтарда шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде;
3) суасты өтпелерінің бойында – әр жағынан өтпелердің шеткі жіктерінің осьтерінен жүз метрде тұрған қатарлас жазықтық арасында жасалынған су беткейінен түбіне дейінгі су кеңістігінің жер учаскесі ретінде;
4) өнімді апаттық шығаруға арналған жер қоймаларының айналасында – көрсетілген объектілер  аймағының шекараларынан барлық жаққа елу метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде;
5) бас және аралық айдау және құю сораптық стансалары, сұйыққойма парктері, өнімдерді өлшеу тораптары, құю-төгу эстакадалары, мұнай, мұнай өнімдерін қыздыру пункттері айналасында – көрсетілген объектілер аймағының шекараларынан жүз метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде;
6) орманы жоқ учаскелерде тұрғындар тұратын пункттерден тыс орналасқан байланыс және радиофикацияның жер асты кабельді және әуе желілері – жер асты кабелінің трассасынан немесе әр жағынан екі метрден кем емес қашықтықта әуе желілерінің шекті сымдарынан тұратын параллель тура желілерді анықтайтын осы желілер бойындағы жер учаскесі ретінде.

ҚР-ның «МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ға СӘЙКЕС 30 МЕТРДЕН 150 МЕТРГЕ ДЕЙІН ҚАУІПСІЗДІК АЙМАҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ. ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ЕҢ АЗ ҚАШЫҚТЫҚ ШЕГІНДЕ МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫРҒА ЖАТПАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Құбырлардың күзетілетін аймақтарында құбырлардың қалыпты пайдаланылуына немесе олардың бұзылуына әсер ететін түрлі әрекеттерді жасауға тыйым салынады, соның ішінде:
• тану белгілерін, бақылау-өлшеу пункттерін ауыстыруға, үюге және сындыруға;
• кабель желілерінің қызмет көрсетпейтін қақпақтарды, қақпаларды және есіктерді, желілік арматураның торап қоршауларын, катодты және дренажды қорғау қондырғыларын, желілік және қарау құдықтары мен басқа желілік құрылғыларды ашуға, крандар мен ысырмаларды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету және құбыр телемеханикасы құралдарын қосуға немесе өшіруге;
• түрлі қоқыс орындарын жасауға, қышқылдар, тұздар мен сілтілердің ерітінділерін төгуге;
жаға бекіту имараттарын, су өткізу құрылғыларын, құбырларды, байланыс желілерін бұзудан, ал жақын аумақ пен айналадағы жерді апаттық құйылу мен тасымалданатын өнімнен қорғайтын жер және өзге имараттарды (құрылғыларды) бұзуға;
• зәкірлерді суға тастауға, суға тасталған зәкірлермен, тізбектермен, сүйретпелермен және тралдармен өтуге, тереңдетіп қазу мен жерге батыру жұмыстарын жүргізуге;
• от жағуға немесе қандайда бір ашық немесе жабық от көздерін орналастыруға.
Магистральды мұнай құбырларының күзетілетін аймақтарында «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша рұқсатынсыз:
• «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен олардың орналасу жерін, құрылыс, жайластыру және пайдалану тәртібін келіспей магистральды құбырдың және оның күзетілетін аймағы трассасының өткелдерін, топырақ жолдарын немесе өзге уақытша немесе тұрақты көлік қиылыстарын орналастыруға;
• бақ өсіруге және ағаш өсіруге, сонымен қатар жыртылатын тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын қыр ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге бағытталған агротехникалық жұмыстардан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келісілмеген қандай да бір жұмыстарды орындауға;
• магистральды құбырларға қызмет көрсетуге және оның физикалық қорғанысын қамтамасыз етуге арналған «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен орналастырылған жолдарды қалпына келтіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жағдайлардан басқа осы жолдар бойынша магистральды құбырларда өртке қарсы және күзет қызметтерін орындайтын қызметкерлердің қозғалысына кедергі жасауға;
• кез келген құрылыстар мен имараттарды салуға;
• автомобиль көлік құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
• мелиоративті жер жұмыстарын жүргізуге, жер суаратын және құрғататын жүйелерді салуға;
• «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келіспей тау, құрылыс, жинақтау және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, топырақты тегістеуге;
• ұңғымалардың, шурфтардың құрылғыларымен және топырақ (жер қыртысының үлгілерінен басқа) сынамаларын алумен байланысты геологиялық түсіру, геологиялық барлау, іздеу, геодезикалық және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Магистральды құбырлардың күзет аймақтарында кез келген жұмыстар мен әрекеттерді орындау қажет болған жағдайда, Кәсіпорындар, Ұйымдар және Азаматтар:
• «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшелерінен «Магистральды құбырлардың күзетілетін аймақтарында жұмыстар жүргізуге» жазбаша рұқсат алуға міндетті. Жұмыстар жүргізуге рұқсат жұмыстарды жүргізушіде жұмыс істеп тұрған құбырлар көрсетілген жобалау құжаттама бар болған жағдайда ғана берілуі мүмкін.
• кем дегенде 5 тәулік бұрын «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшесінің өкілін жұмыстарды жүргізу орнына шақыруға;
• құбырлардың және тану белгілерінің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді сақтап, жұмыстарды орындауға міндетті.
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының құрылымдық бөлімшелері ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелерін және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ды, сондай-ақ «Күзетілетін аймақта жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсатта» көрсетілген талаптар бұзылып, орындалған жұмыстарды тоқтатып қоюға құқылы.
ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелері және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010 жергілікті үкімет және басқарма органдарымен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен (жекеменшік түрлеріне қатысты емес) және құбырлар өтетін аумақта жұмыстар немесе қандайда бір әрекеттер жүргізетін азаматтармен орындау үшін міндетті болып табылады.
Айтылған Заң, Кодекс пен ҚР ҚНжЕ ережелерінің талаптарын бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.  
Жоғарыда айтылған барлық мәселелер бойынша мына мекен-жайға хабарласу қажет:
    
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы
Операторлық қызметтер басқармасы
040200, Үшарал қ., Қасымжанов көш., 1
Тел: 8 (72833) 2-34-54; Факс: 8 (72833) 2-34-54;
ұ. т. 8 (701)6743335 – кезекші диспетчер.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 178
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px