Әкім ауызашар берді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қадір түні қарсаңында аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ ауызашар берді.

 

Ауызашарға күнделікті мешітке тарауық намазына қатысып, елінің-жерінің амандығын тілеп жүрген жамағат жиналды. Кейінгі үш жылда Рамазан айы күннің ең аптап ыстығына тұспа-тұс келгеніне қарамастан, ауыз бекітіп, сауап жинап жүрген жандардың қарасы қалың.

Ауданның орталық мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей Рамазан айы – Алла Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім айы екеніне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жайылған ауызашар дастарқанына бата беріліп, марқұмдарға құран бағышталды.

Қадір түні қарсаңында мешіт жанынан жаңадан тұрғызылған асхана іске қосылды. Ол Қадір түнін мешітте қарсы алуға келген жамағатқа қызмет көрсетеді.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 690
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px