ӨКІМЕТКЕ СЕНГЕН АРДАГЕР - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Біздің кейіпкеріміз Әшім Әл­кейұлы 1913 жылы Шет ауданы­ның Айғыржал ауылында туған. 1941 жылы осы ауданнан әскерге шақырылған. Сол кісімен Қайрақты ауылында көрші тұрдық.

– 1943 жылы жамбасыма оқ тиіп, Қазан қаласында госпитальда алты ай емделдім, соңынан соғысқа қайтып кірдім. Екінші рет 1945 жылы Польша жерінде екі көзден ауыр жараланған едім...Екі көзім де көрмейді. Өлгенмен бірдей ғой деп ойладым. Құбыла жақ осы болу керек деп тізерлеп отырайын. Оқтар зуылдап өтіп жатыр. «Алькеев, ложись, а то тебя сам застрелю» деген командирімнің даусын естідім. Сылқ етіп жата кеттім. Қанша уақыт өткенін білмеймін, бір сыбыр естідім «офицера надо забрать» деген. Содан пойыз арқылы Уфа қаласына жеткізді. Әскери дәрігер қол-аяғымды кереуетке таңып тастап, көзіме ем-дом жасайды. «Алькеев, скоро спасибо скажешь» дейтін. Сөйтсем әлгі дәрігерім еврей ұлтынан екен. «Сенің екінші көзіңді аман алып қалайын деп жанталасып жатырмын» дейді. Айтқаны келді. Елге аман-есен оралып, он екі бала сүйдім...

Әшкеңнің соғыс жайында сұра­ғандағы айтқан әңгімесі осы ғана.

Ел сол кезде мүгедектіктеріне байланысты көлік алып жатқан. Мен соны қозғайын. Сондағы Әшекеңнің айтқаны:

– Бір күні бір офицер, қас­ында нөкерлері бар, қалың жара­лылардың ішінен Әлкеев кім деген дауысын естіп орнымнан тұрдым. Әлгі офицер: Әлкеев жолдас, сізді Жоғарғы қолбасшының бұйрығымен Нахимов орденімен және лейтенант шенімен құттықтаймын деді. Міне, қарағым өкіметтің әділдігі, Сталин айналайын менің қайда жатқаныма дейін білген ғой. Сол секілді өкімет біледі...- десін.

Әшекеңнің адамгершілік сезімінің тұңғиықтығына қайран қалып, қазақтың тұңғыш қорғаныс министрі С.Нұрмағанбетовке аға­ның жайын айтып хат жолдадым.

Бір ай көлемінде маған Әшекең жолығыып қалсын. Сондағы айтөқаны:

– Әй, балам, мен әнеукүні өзіңе айтып едім ғой, өкімет мені табады деп. Міне, өкімет тапты. Министрден хат келді, – деп балаша қуанып тұр.

Осы хаттан кейін Әшекең Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Нағымановтың қолынан «Таврия» машинасын мініп қайтты.

– Он екі бала көрдім. Осы халге жетемін деп ойлаған жоқпын. Егемендігімді көріп отырмын, арманым жоқ. Еліме рахмет. Халқым аман болсын,  –  деп ақ тілеуін жеткізген.

Бұл – Жеңістің 50 жылдығы болатын. Аудандық комиссариат Әшекеңе подполковник шенін берсін.

Соғыс және еңбек ардагерінің бейбіт күндегі еңбегі де жоғары бағаланды. «Ақадыр ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Одан бері де талай уақыт өтті. Кешегі солдатқа деген ел құрметі әлі сол бетінде. Олай болса, батыр бабамызға Ақадыр, болмаса Қайрақты, болмаса Ақсу-Аюлы кентінен бір көше берсек құрметіміз толық болар еді.

 

Шалқарбек ӘУБӘКІРОВ,

ішкі істер саласының ардагері.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 154
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px