Әкімшіні тағайындау әрекеттері - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Әкімшіні тағайындау әрекеттері
Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) банкроттық рәсімін немесе оңалту рәсімін өткізу кезеңінде уәкілетті органда тіркелген әкімшіні тағайындау қарастырылған.
Әкімші ретінде тіркелу үшін біліктілік емтихан тапсыру және Заңның 12-бабының 4 тармағында белгіленген рұқсат ету талаптарына сәйкес келу негіз болады.
Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар мыналар:
1) жоғары заңгерлік немесе эко­номикалық бiлiмiнiң болуы;
2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
3) Қазақстан Республикасының азамат­­тығы;
4) наркологиялық немесе психи­атриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.
«Әкімші (уақытша әкімші, оңалту­ды, уақытша және банкроттықты басқарушылар) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік қызмет Комитетпен жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау Комитеттің кеңсесінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ком­мер­ция­лық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырылады және мына құжаттарды ұсын­ады:
1) Қазақстан Республикасы азаматы­ның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы диплом көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
3) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді:
1) Қазақстан Республикасының заңна­масын білуіне компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.
Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.
Біліктілік емтиханды  сәтті тапсыр­ған үміткер уәкілетті органда «электрон­дық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тіркелуіне құқылы.
Үміткерлер тіркелу үшін өтінішке мына құжаттарды қосымша ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) біліктілік емтиханды тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің көшірмесі;
3) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
4) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық дис­пансерлер берген медициналық анықта­малар
5) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 170
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px