Коррупциямен күрес – ымырасыз - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жемқорлықты жою жолында мемлекет пен қоғам бір күш болып, күресу қажеттігін айтты. Президент қойған басты міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталуда. Бұл бағытта Октябрь аудандық қазынашылық басқармасы тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді. Еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Әсіресе, мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, немесе мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға заңға қарсы құқық беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы – ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл Заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

Заңның ең басты құндылығы – ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

 

Г.ТӨЛЕУБАЕВА,

Октябрь аудандық

қазынашылық

басқармасы

басшысының

орынбасары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 744
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px