Әлем назары – экологиялық ТАЗА өнімде - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Алдындағы асының адалдығына алаңдайтын қазіргі кезең – азық-түліктің қауіпсіздігіне қырағылықты қажет етеді. Шекара асып жеткен тағам тұрмақ, кейде отандық кәсіпорындардан шикілік шығатынын жасырып, жаба тоқи алмаймыз. Десек те, өзіміз түгілі сырт елдің үздік бағасын алып жүрген кәсіпорындарды кір қолмен ұстауға хақымыз жоқ. Сырт көз сыншы болса, сол сыннан сүрінбей өткен – «Natura Bogata» сауда маркасы. Ресейде өткен байқауда оның үздік танылғанын біреу білсе, біреу білмес. Қарағандылық компания «Үздік азық-түлік InterFood St.Peterburg» байқауының жүлдесін қанжығасына байлаған болатын.

 

Атап айтсақ, Петербордан «Green Foods» компаниясы «Геркулес» арпа және «Natura Bogata» қарамұқ жармасы 2-3 орынды иеленген. Бұл байқау – Ресейде «InterFood St.Peterburg” халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылған. Көрменің жетістігі байқаудағы жеңіспен шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар, табысты болған экспорттық келісім-шарттар да бар. Соның нәтижесінде қарағандылық жармалар Петерборда және Ресейдің өзге қалаларының айтулы дүкендерінде сатылымға шығарылмақ.

Компанияның жеңісі мұнымен толас тапқан жоқ. Астанада өткен «InterFood» көрмесінде «Дәстүр сапасы» кәсіби дәм тату көрмесінде қара үзді. Мұнда «Ақ маржан» күріші, тары және бидай жармасы үшін алтын медаль иеленген-тін.

Бұл – компанияның екінші алтыны. Былтырғы жылы да бұл компания «WorldFood Kazak­hs­tan»18-ші Орта Азия Халықаралық көрмесінде алтыннан алқа тағынған еді. Онда қарамұқ пен күріш 2015 жылдың үздік тауары танылған.

«Natura Bogata» сауда маркасының тарихы небары 2015 жылдан бастау алады. Ал, бүгінде бұл компания 30 түрлі дәнді-дақылды өнімдер шығарады. Сауда маркасының өнімі еліміздің барлық облыстарында саудаланады. Қазақстанның ірі сауда желілерінде өнімнің 11 ресми таратушысы бар.

Табиғаттың бар байлығын ешбір қоспасыз, таза күйінде түгел отбасына тартуды ұран етіп ұстанған сауда компаниясы. Сондықтан да, компанияның өнімі экологиялық, табиғи, таза өнім ретінде танылуда. Мұны отандастарымыз ғана емес, көршілес ел де мойындап отыр. Себеп – оның экологиялық тазалығында. Ал, экологиялық тұрғыда кіршіксіз өнімнің құндылығы туралы айтудың өзі – артық.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2624
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px