Әлеумет игілігіне - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Әлеумет игілігіне
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Долинка және Новодолинский кенттеріндегі емханаларда әлеуметтік дәріханалар ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Сержан АЙМАҚОВ, мекеме, ұйым басшылары және кент тұрғындары қатысты.  
Дәріханалар облыстық ден­­саулық сақтау басқармасы мен Шахтинск қаласының ор­талық емханасының қол­­дауымен аш­ылып отыр. «Бұдан былай кент тұрғындарына, әсіресе, көп балалы және табысы аз отбасыларына, мүгедектерге, зейнеткерлерге дәрі-дәрмектер төмен бағада сатылатын болады» – деді қала басшысы.
Северо-Западный мен Долинка кенттері тұрғындарының атынан сөз алған ардагер кенші Борис Жуков дәріханалардың қызметіне сәттілік тіледі.
Қалалық емхана директоры Асхат Әбілбековтің айтуынша, әлеуметтік дәріханалар «Стомфарм», «Ақниет» және «Аманат» серіктестері тарапынан 400 түрлі дәрі-дәр­мекпен жабдықталыпты. Өзге дәріханаларға қарағанда, мұн­дағы дәрі-дәрмектер 15-20 пайыз төмен бағамен сатылады.

Амангелді ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.          

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 215
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px