Әлиханға қандай құрмет көрсетсек те жарасады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Әлиханға  қандай құрмет  көрсетсек те жарасады
Әлемде отырғаны бар, жүріп келе жатқаны бар, қолын алға созып тұрғаны бар Ленинге арналған 14290 ескерткіш бар екен. Бұл 1991 жылғы дерек. Соның 500-і біздің Қазақстанда екен. Қазір аман-есен тұрғаны – 8185 дейді. Бір ғана Ресейде 8000-ның үстінде көше, даңғыл бар көрінеді. Бүгінде осы елде төрт қала (Ульяновск, Ленинск, Ленинск-Кузнецк, Лениногорск), екі облыс (Ульянов, Ленинград) Ленин атымен аталады. Басқа атауларды (кітапхана, институт, мектеп, университет, т.б.) айтпағанның өзінде...
Күні кеше ғана бізде де Ленинск (бүгінде Байқоңыр) деген қала болған. Лениногорск деген қаламыз әлі бар. Өзіміздің кеншілер қаласындағы Ленинге қатысты атаулар әлі тұр («Ленин» кинотеатры). Қазіргі Тәуелсіздік алаңында бұған дейін тұрған Ленин ескерткіші әлемдегі ең ірі мүсіндердің бірі болатын. Оныңыз бүгінде сәл-пәл кішірейіп айтып отырған Ленин кинотеатрының жанына барып жайғасып алды.
Ресейдің Ленинге деген құрметін түсінуге болады. Өйткені Владимир Ильич олардың күн көсемі. Олардың көсеміне көрсетіп жүрген біздің құрметімізді қалай түсінуге болады? Әлде біздің ондай күн көсеміміз жоқ па?
Бар, әрине. Болғандай қандай! Ол Әлихан Бөкейханов! Айтып отырған Ленинімізден бір мысқал да кем емес. Қай жағынан болса да. Өкініштісі сол бабамызға деген құрметіміз кемшін. Біздің ұлттық санамыз кенжелеп оянып жатқанын осыдан-ақ бағамдауға болады.  ЮНЕСКО-ның өзі әлемге жар салып, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтейік деп жатқанда біздің жаймашуақ отырумыз еш жараспайды. Осы аяда біздер Әлихан Бөкейханов есімін қазақ баласының санасында мәңгі қалдыру қадамына баруымыз қажет.
Елімізде қала мәртебесін алған 87 елді мекен бар екен. Соның оннан астамы кісі есімімен аталады. Алысқа ұзамай-ақ қоялық, өзіміздің өңірде Абай, Сәтбаев қалалары бар.
Абай мен Қанышқа қала қиғанда Әлиханға аудан атын сұрағанымыз қай сасқанымыз? Әлде атаусыз қалаларымыз жоқ па? Және осы ауданнан көше берейік деген әңгімеміз не әңгіме? Берсек қала орталығынан ойып тұрып берейік. Ең әдемі көшесін.
Менің айтайын дегенім осы.
Қасымбек Медиев,
мемлекет және қоғам қайраткері,Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 278
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px