Ұлттық тәрбие – бесіктен - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Ұлттық тәрбие – бесіктен
«Ұстанған қасиет ұлы мен қыздары. Ең үлкен қасиет – қазақтың тұз-дәмі» дейді өлең жолдары. Қазақтың дархан көңілі қашанда жаюлы дастарқанынан көрініп тұрады.

Қонақ күту – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Келген қонақты қарсы алып, «Сырттан келген мейманға, сәлем беріп қол алсаң, бірінші етер құрметің» деген өлең шумақтары осы сөзімізге дәлел.  Бұл ретте «Асың барда ел таны – беріп жүріп, атың барда жер таны - желіп жүріп» дейді халқымыз.
Жақында №22 мектеп-интернатына қарасты «Балапан» тобының тәрбиеленушілері арасында халқымыздың қонақ күту дәстүрі жөнінде әңгімелесу кеші өтті. Қонақ болып келген әже балаларға құрт жасау тәсілдері туралы айтып, әкелген құрт-ірімшіктерді ортаға алды. Балабақшада осындай тақырыптағы тәрбие жұмыстарын жиі ұйымдастырып, ұлттық ойындар арқылы салт–дәстүрімізді  ұмытпағанымыз жөн. Әрбір балаға қазақ халқының қонақжай дархандығын ғана емес, асыл сөздерін бағалай білуге үйрету керек. Осындайда халқымыз «Қонақ келсе – құт келер», «Болар бала қонаққа үйір», «Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз» деген.
Анар ТӨКЕЕВА,
№22 мектеп-интернаты
«Балапан» тобының тәрбиешісі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 191
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px