Ұлы Жеңіс – ұрпақ тойы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Ұлы Жеңіс – ұрпақ тойы
Бұл мереке Отанын қорғаған қайсар жауынгерлердің қасық қаны мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегімен келді. Бүгінгі бейбіт күн ұрпақтарының басты парызы – бұл күнді мәңгі есте сақтау.
Ұлы Жеңіс күні Қарағанды қаласындағы №95 мектеп-гимназияда әр түрлі іс-шаралар өтті. Мерекелік күн мектепішілік салтанатты жиынмен басталып, түрлі танымдық іс-шараларға ұласты. Сынып жетекшілерінің «Жаса, Ұлы Жеңіс!»  тақырыбында өткізген тәрбиелік сағаттары оқушылардың Отанға деген құрметі мен сүйіспеншіліктерін нығайта түскендей еді. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты бастауыш сынып оқушыларының арасында өткен суреттер сайысы сурет өнеріне талабы бар балаларды ерекшелеген болса, жоғарғы сынып оқушылары арасында жарияланған шығармалар сайысы шығармашыл оқушыларды анықтады. Мереке  орта және жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Сендер үшін, аяулы ардагерлер!» атты концерттік бағдарламамен аяқталды. Кеш барысында оқушылардың батыр әпкелеріміз Әлия мен Мәншүк, қайсар ағаларымыз Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллинге арнаған өлеңдері көрерменді риза етті. Шара соңында жеңіс жүгін арқалаған ардагерлерге мектеп ұжымы жылы лебіз білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.
Әсем ҚАБИДЕНОВА,
№95 мектеп-гимназиясы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 142
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px