Ұлы Жеңіске – ұлық құрмет - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ұлы Жеңіске – ұлық құрмет
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»
Ұлы Жеңіс күнін Қарқаралы ауданының жұртшылығы ауқымды түрде атап өтті. Жерінің бүтіндігі, ұрпағының тыныштығы үшін майдан даласында болған ата-әкелерінің фотосуреттерін ұстаған халық Мәдениет үйіне лық толды. Аудандағы қос ардагер – Жақия МҰСАТАЕВ пен Алдияр ХАЙРУЛЛИНДІ халық зор қошеметпен қарсы алды.
Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанат еліміздің айбынды Әнұранымен ашылды. Сұм фашизмге ойсырата соққы беріп, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарған аталарымыздың ерен ерліктерін тілге тиек еткен аудан әкімі Халел Мақсұтов жиналған қауымды мейраммен құттықтай келе «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтаймыз!» акциясы аясында жарық көрген «Ұлы Жеңіс Батырлары» атты  екітомдық жинақты салтанатпен аудандық өлкетану мұражайына тапсырды. Сондай-ақ, бейбіт елдің қауіпсіздігін қорғау мақсатында азаматтық борышын атқаруға аттанғалы отырған, әскер қатарына шақырылған азаматтарға ақ жол тіледі.
Мереке аудандық мәдени-сауық орталығы өнерпаздары дайындаған «Жеңіс даңқы – мәңгілік!» атты театрландырылған сазды шарамен жалғасты. Соғыс жылдарындағы халықтың хал-ахуалынан, тыныс-тіршілігінен сыр шерткен көріністер сахналанып, жауынгерлер жігерін жаныған патриоттық әндер шырқалды. Баласының тілеуін тілеген ананың, ерінің жолын тосқан жарының бейнесін сомдаған өнерпаздар ел басына күн туған шақта отқа түскен есіл ерлерді шынайы суреттей білді.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 179
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px