Ұлыс күнін ұлықтап... - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ұлыс күнін  ұлықтап...
Наурыз мерекесі және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына орай, Нұра аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Қош келдің, әз Наурыз!» атауымен мерекелік шара ұйымдастырылды.   
Ауданның, ұлы Қазақстанның тарихынан сыр шертіп, өткеніңді көз алдыңа айнытпай әкелетін мұражайдың қабырғасында өткен кеш жиналған қауымның көңілінен шықты. Мұражайдың мәжіліс залында мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық тағамның түр-түрі қойылған. Қолөнер шеберлері жұмыстарының көрмесі де көздің жауын алады. Аудандық саз мектебінің шәкірттері домбыра шертіп, фортепианода ойнап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шараның шымылдығын аудан­дық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ә.Есмағамбетова ашты. Наурыз мерекесімен құттықтай келе, ұлы мерекенің тарихына шолу жасады. Сонымен қатар, кештің ең басты шарасы – осыдан екі ай бұрын Наурыз мерекесінің құрметіне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына орай жарияланған қолөнер шеберлері байқауының қорытындысын түйін­деді.
Тоғыз аталым бойынша жүр­гізілген байқаудың қоры­тындысы бойынша, ІІІ орынды – Айтолқын Ибрагим (Дон мектебі), ІІ орынды – Юлия Малышева (Заречная мектебі), І орынды Айдана Хабылбек (Пржевал мектебі) қанжығалады. Ал, бас жүлдені Заречная мектебінің 9 сынып оқушысы Тимур Шортанов жеңіп алды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен қатар, қаржылай сыйлықтар табысталды. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік шара соңы кон­церттік бағдарламамен жалғасты.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 217
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px