«Мүлдем төзбеушілік» - тегеурінді тәсіл - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Мүлдем төзбеушілік» - тегеурінді тәсіл
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қазіргі таңда қоғамдағы тәртіпсіздік пен ретсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидаты тегеурінді тәсілге айналып келе жатқаны белгілі. Жуырда Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылды. Жиынға құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшыларынан тысқары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, кент және ауыл әкімдері қатысты.

Отырыста аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әбүйір Бөгенбаев қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы жолдарда орын алатын апатты оқиғалар санын шектеу және жол қозғалысы ережелері талаптарын бұзудың алдын алуға қатысты атқарылған жұмыстар ауқымы мен олардың нәтижелері туралы есеп берді. Комиссия мүшелері сондай-ақ, Қарағанды облысының қала және елді мекендерін абаттандыру Ережесіне сәйкес көшелерде, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығару, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша Атасу кентінің әкімі Рахым Түсіповтің хабарламасына құлақ түрді. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында жасалынған ұсақ құқық бұзушылықтарға шолу жасап, оқушылардың мәдени мұралар, ескерткіштер, сәулеттік элементтер мен жасыл желектердің мүлтіксіз сақталуына қатысты жанашыр көзқарасын қалыптастыру мақсатында білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Комиссия отырысының қорытындысында жұмысты одан әрі ширата түсудің тиімді жолдары талқыланып, нақты міндеттер көлемі белгіленді.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 181
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px