Мүлікті жария ету - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мүлікті жария ету
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлікті заңдастыру жөніндегі акция басталды.
2014 жылдың 2 қыркүйегінде  Қарағанды қаласы әкімінің өкімімен Қарағанды қаласында мүлікті жария ету бойынша қалалық комиссия құрылды, сондай-ақ, қала азаматтарына құжаттар тапсыру үшін және консультациялар алу үшін Қазыбек би және Октябрь аудандары әкімдіктерінің ғимараттарында жұмыс топтары орналасқан, консультациялар қала әкімдігінің ғимаратында да өткізіледі.
Бүгінгі таңда комиссияға 383 өтініш (401 нысан) түсті, оның ішінде, 134 өтініш (152 нысан) заңдастырылды, сондай-ақ, Қазыбек би ауданы бойынша 113, Октябрь ауданында – 39 нысан.

Мүлікті заңдастыру үшін құжаттарды қайда және қашан өткізуге болады:
Қазыбек би ауданы бойынша мүлікті заңдастыру үшін құжаттарды қабылдау «Қарағанды қаласы Қазыбек би аудан әкімінің аппараты» ММ, Гоголь көшесі, 34, ал, Октябрь ауданы бойынша «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппараты» ММ, Архитектурная көшесі, 13 (сағ. 09.00-ден 18.00-ге дейін, тел. 300794, 421416, 325797) мекен-жайында жүзеге асырылады.

Мүлікті жария ету мерзімі
Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін құжаттарды ұсыну мерзімі 2016 жылғы 30 қыркүйекте аяқталады.
Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 240
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px