Мүлікті жария ету туралы нені білу керек? - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мүлікті  жария  ету
туралы нені білу керек?

Мүлікті жария ету – бұл кірістерді жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес рәсімделмеген, яки болмаса, жария ету субъектісінің кірістерін сырт көзден тасалау үшін  тиісті емес тұлғаның атына жазылған мүлікке құқықтылықтың мемлекет тарапынан танылуы.

Мүлікті жария ету субъектісі болып кімдер табылады?

Мүлікті жария ету субъектілері санатына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, орал­мандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» №213-V Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен мүлікті заңдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар жатады.

Қандай мүлік жария
етуге жатады?

Жария етуге төмендегі мүліктер жатады:
– ақша;
– құнды қағаздар;
– заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
– басқа тұлғаның атына рәсім­дел­ген жылжымайтын мүлік (Заң­мен белгіленген нысандардан тыс­қарылары);
– Қазақстан Республикасының аума­ғында орналасқан, мүлікті жария ету субъектісінің меншігіне құқықтық негізде жататын, шамалық талаптар мен ережелерге сәйкес келетін, сондай-ақ, алып жатқан жер телімі мақсатты түрде пайдаланылатын ғимараттар (құрылымдар, қондырғылар);
– Қазақстан Республикасы аума­ғы­нан сыртқары жерлерде орна­ласқан жылжымайтын мүліктер.

Мен мүлікті қандай мерзімде жария ете аламын?

Мүлікті жария ету мерзімі – 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Мүліктерді (ақшадан басқа) жария ету үшін құжаттарды ұсыну мерзімі – 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 30 қарашаға дейін.
Мен ақшаны қалай
жария ете аламын?

Мүлікті жария ету жөніндегі бірмезгілдік акцияны өткізу кезеңінде Сіз ақшаны жария ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кез келген екінші деңгейлі банкте жинақтау есеп-шотын ашып, осы есеп-шотқа қолма-қол ақшаны сала аласыз немесе аталған жинақтау шотына аударма тәсілімен салуыңызға болады. Жария етілетін ақшаны жинақтау шотына ұлттық және (немесе) шетел валютасымен салуға (аударуға) болады және салынған немесе аударылған күннен бастап аталған жинақтау шотында 60 (алпыс) күнтізбелік айдан кем емес мерзім сақталуы тиіс.

Мен жинақтау шотында жатқан ақшаны сақталу мерзімі өткенге дейін жұмсай аламын ба?

Мүлікті жария ету субъектісі шоттағы жария етілетін ақшаның сомасы мөлшерінде сақталу мерзімі өткенге дейін жұмсауға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының экономикасына Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының активтерін қоса алғанда жекешелендіру нысандарын, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акция пакеттерін құнды қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық І») аясында сатып алу жолымен инвестициялау үшін, сондай-ақ, алғашқы орналастыру аясында:
– Қазақстан Республикасының мем­лекеттік құнды қағаздарын;
– ұлттық басқару холдингтері, ұлт­тық компаниялар, Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық даму институттары, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигацияларын;
– қазақстандық қор биржасында орналастырылған өзге де құнды қағаз­дарды.
2) Жинақтау шотынан ақшаны ағытып алу немесе ақшаны басқа шотқа аудару Банктің сол сомадан акцептісіз алым алуы және алынған алымды одан әрі бюджетке аударуы жағдайында қарастырылған.

Мүлікті жария ету кезеңінде жинақтау шотын толықтыруға бола ма?

Мүлікті жария ету аясында ашылған жинақтау шоттарын толықтыру Заңда көзделмеген. Жинақтау шоты әр салынған немесе аударылған ақша сомасына әрқайсысына дербес түрде ашылады.

Ақша қай күннен бастап жария етілген болып есептеледі, оған қандай нақтылау бар?

Ақша жинақтау шотына салынған (аударылған) күннен бастап, жария етілген болып есептеледі. Жария етілетін ақшаны жинақтаушы шотқа салған немесе аударған кезде Банк жария ету субъектісіне Заңда белгіленген форма бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін нақтылайтын анықтама береді.

Жинақтаушы шотқа салынған немесе аударылған ақшаның сақталуын кім реттейді?

Жинақтаушы шотқа салынған немесе аударылған, жария етілген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының 7 шілде, 2006 жылғы «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне орна­ластырылған депозиттерге міндетті кепілдеме беру туралы» Заңымен реттеледі. Аталған Заңда депозиттерге кепілдеме беру рәсіміне қатысты талаптар және салымшыларға кепілдеме қайтарымдарын төлеудің негізгі шарттары мен қағидалары қарастырылған.  
Қарағанды облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 314
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px