Мүлкіңізді жария еттіңіз бе? - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыс орталығында мүлікті жария ету акциясының барысымен танысты. Сапар кезінде жария етілген нысандарда болды. Облыс әкімінің орынбасары ат басын әуелі Қарағанды қаласы әкімдігіне бұрды. Онда облыс орталығында мүлікті жария ету акциясының жүргізілуін, жария ету субъектілерінің жұмысын көрді.

Қала әкімінің орынбасары Тайхан Қалмаханов акция бойынша Қарағанды қаласындағы жағдайды баяндады.

Мүлікті жария ету акциясының басынан бері 64 комиссия отырысы өтіп, 432 өтініш қаралған. Оның ішінде 188 өтініш арқылы 223 нысан заңдастырылған. Оның құны - 4 млрд.202,5 млн.теңге. Кеңес алуға келгендер 4 мыңнан астам.

Бұл бағыттағы жұмыс бойынша облыс әкімінің орынбасары Қарағанды қаласы және Қазыбек би атындағы ауданның Мемлекеттік кірістер басқармасына барды.

Аталған мекемелер бүгінгі таңда Қарағанды қаласында декларация тапсырылып, заңдастырылған қаржы құрамы 20 млрд.теңге екенін мәлімдеді.

Бұдан соң 2 нысанға барды. Бұл нысандар ендігі заңдастырудан өткен. Бұл – Н.Әбдіров атындағы әкімшілік ғимарат, қазіргі уақытта «Qazaq Banki» АҚ және Тәттімбет көшесінде «ЖЕТ» спорт кешені орналасқан ғимарат.

Сапарды қорытындылаған Асылбек Дүйсебаев облыс орталығында мүлікті заңдастыруға байланысты жүргізіліп отырған жұмысқа көңіл толатындығын жеткізді. Сондай-ақ, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын жандандыруды, комиссия жұмысына ерекше бақылау қойып, азаматтардың өтінішін кешіктірмей қарауды тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2458
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px