Мүмкіндікті ұтымды пайдалан! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету шарасы басталғанын естеріңізге саламыз.

Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Құқықтары Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Рес­публикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Осы Заңның 1 бабы 4-тар­мағына сәйкес мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Жария етуге жатады:

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Респуб­ликасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Респуб­ликасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржы­лық құрал­дарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарт­тық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.

Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заң­намасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аума­ғындағы жылжымайтын мү­лікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәй­кестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттес­татталған сарапшының қоры­тындысын;

4) жылжымайтын мүлік объек­тісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.

Құжаттарды жария ету субъ­ектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комис­сияға ұсынады.

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px