Мәні мен маңызы – айшықты - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мәні мен маңызы – айшықты
«Береке бастауы – бірлік, тұрақтылық – тату тірлік» қағидасын қалтқысыз ұстанатын Абай ауданының жұртшылығы ел ішіндегі ымыра мен ынтымақтың ыдыра­мастығының айғағына айналған мемлекеттік мерекені рухани өрлеу жағдайында қарсы алды.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық  Қазақстан»


Сол күні мерекелік реңде безен­дірілген аудандық мәдениет үйінің төңірегі шаттық шырайы кешенді іс-шараларды тамашалап, дүбірлі думанның ортасында болуға ықылас танытқан қалың елдің көңіл күйімен тұтаса астасып кеткендей әсер қалдырды.
Кәсіби сахна алдындағы 20 дауылпазшы мен 100-ге тарта бір үлгідегі ақ кеудеше киіп, қолдарына көк және сары түсті шарлар ұстаған дауылпазшыларға қолдау көрсету тобының мереке болмысымен жарасымды түрде үйлесім тапқаны да анық еді. Олардың сән-салтанатын екі сапқа бөлініп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күнінің эмблемасы таңбаланған жалаушаларды желбіреткен жастар тобының құрамы, велосипедші жастардың шеруі, балғын балалардың флешмобы одан әрі толықтыра түскендей әсер қалдырды. Түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген бишілер тобының көрініс беруі, этно-мәдени орталықтар өкілдерінің алаң ортасына шаттық күйімен шаңырақты көтеріп шығуы – іс-шараның мәні мен маңызын айшықты ете түсті.
Мерекелік іс-шарада бас қосқан тұрғындар мен қала қонақтарын құттықтаған аудан әкімі Серік Шайдаров өзінің ақжарма тілектерін ауданның барша халқына арнады. Славян және дүнген этно-мәдени орталықтарына қаржы сертификаттарын табыстады.
Тартымды бағдарламалар легін одан әрі көркемөнерпаздар ұжым­дарының концерті, «Этностиль – 2016» ұлттық киімдер, дәстүрлер мен ас мәзірлерінің байқау-көрсетілімі, қатысушылары ғана емес, жанкүйерлері де «жаны шыға» қиқулаған кең көлемді спорттық бәсекелер және мерекелік сауда-саттық ұтымды жалғастырды.

АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 160
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px