Мұсылман – зиян тигізбейтін тұлға - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мұсылман –  зиян тигізбейтін тұлға
Пайғамбар хадистеріне үңілсек, мұсылман бір Жаратушының бар екенін мойындаған, өзіне де, өзгеге де қолымен және тілімен зиян тигізбейтін адам деп сипаттайды.
Қастық пиғылмен бейбіт тұрғындар арасында жарылыс жасау, бейкүнә боздақтардың қанын мойнына жүктеу, жазықсыз біреуді жәбірлеу, мемлекеттік билікке қарсы ұйымдасу әрекеттері, үрей тудырып, елдің тынышын алу секілді бүліктер Исламға жат.
Ақтөбедегі орын алған қанды оқиғада мұсылманның іс-әрекеті білінбейді. Баршамыздың қабырғамыз қайысып, Алладан сабырлық пен тыныштық тілейміз. Мұсылмандар, тек, тіршілік иелеріне ғана аяушылықпен қарамай, қоршаған орта ахуалының да бүтіндігіне жауапкершілікпен қараған. Шынайы мұсылман адам бейнесін лаңкес, бұзақылардан ажырата білуіміз керек.

Орманбет ҚҰНАНБАЕВ,
Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 345
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px