Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017

Мұқтаж жанға – мүмкінді
Елімізде дағдарысқа қарсы жобалар бастау алғаны мәлім. Нәтижесінде, еліміздің әлеуметтік дүкендерінде тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлікті тегін беру үрдісі де жолға қойылды.
Соның бір дәлелі – күні кеше аудан орталығындағы наубайхана иелерінің қолдауымен басталған «Мұқтаж болсаңыз, тегін нан алыңыз» деген қайырымдылық акциясы. «Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз» (Абай) дегендей, басқаға қол ұшын беру, қайырымдылық таныту – әр адамның парызы.
Қайырымдылық акциясына «Серғазы» дүкеніндегі әлеуметтік бұрышта аз қамтылған отбасыларға кәсіпкерлер нанды тегін таратуда. Жомарт жандар қатарында Ш.Матуова, Н.Алдашев, Г.Қаппарова, А.Бәкірова және Т.Метжанова бар.
«Еліміздің әр өңірінде осындай акциялар ұйымдастырылуда. Тегін нанды кез келген мұқтаж жанның алуына болады. Атап айтсақ, олар мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар» дейді Т.Метжанова.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Игі бастамаларға барлығымыз ат салыссақ, ауылымыздың бірлігі нығайып, мерейі асқақтай бермек.

Думан ҚАБЫЛ.
АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 376
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px