Мұқтаждығымды ескерді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Мұқтаждығымды ескерді
Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті арқылы Шахтинск қалалық сотының төрағасы Дулат Даутовқа, қала прокуроры Сәрсенбай Жапаровқа және судья Магул Балапановқа алғысымды айтамын.
Менің әкем Ұлы Отан соғысына қатысты. Майдан даласында жарақат алды. Соғыстан кейін шахтада жұмыс істеді. 1967 жылы қайтыс болды. Ал, анам сауда-саттық саласында еңбек етті. Өзім де іс тігемін, салауатты өмір салтын ұстанамын. Екі бөлмелі пәтерім бар. Коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеп тұрамын. Ал, үйіме жөндеу қажет болса, кеніштердің қызметшілері көмек береді. Олар, әсіресе, көмекке мұқтаж жандарды үнемі назарда ұстайды.
Судья Дулат Ахметжанұлы, прокурор Сәрсенбай Баймендіұлы да ешбір адамның тағдырына бейжай қарамайды. Менің де мұқтаждығыма құлақ түріп, көмек беретіндерін айтты. Полиция капитаны Аян Қуатовқа да алғысым шексіз. Мен жол жүріп кеткен уақытта пәтерімнің аман сақталуын жіті қадағалады.
Осындай жандар көп болса игі. Олардың өздеріне және отбасыларына Алла қуат берсін!
Сәуле КАРАБАЕВА.
ШАХТИНСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 319
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px