Маңызды мәселе қаралды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Маңызды мәселе қаралды
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Өткен дүйсенбіде Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде сумен берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу, облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мәселелерін қаузаған семинар-кеңес ұйымдас­тырылды.

Семинар-кеңес жұмысына аумақтық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармаларының басшылары, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалалары және Абай, Бұқар жырау аудандарының сумен қамтамасыз ету және су шығару нысандарына қызмет көрсетуші кәсіпорындар өкілдері, сондай-ақ, «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар РМК облыстық филиалының мамандары қатысты.
Оның барысында «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, сумен қамту және су шығару нысандарын көктемгі су тасқыны мен көктемгі-жазғы маусымдарға дайындау тақырыптары да қозғалды. Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету және су шығару нысандарының тозығы жеткен жүйелерін жаңалау, уақыт талабына сай қайыра қалпына келтіру – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Себебі, олардың 50-40 пайызы ескірген. Жиын барысында осыған орай, көлемді қаржы бөлу үшін мақсатты бағдарлама қабылдау қажеттілігі тілге тиек етілді. Сонымен қатар, судың сапасына микробиологиялық және санитарлық-химиялық сараптама жүргізу жайы да тиянақты түрде талқыланды.
Семинарда көктемгі су тасқыны кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың қалыпты арнада сақталуы мақсатында атқарылуы тиісті іс-шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Бұдан тысқары, салалық бағыттағы нысандарды өндірістік бақылау­дың нығайтылуына назар аударылды.
Келелі кеңес түйінінде оған қатысушылар ортақ мүдделі әрі кешенді іс-шараларға қатысты маңызды мәмілеге қол жеткізді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 140
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px