Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 23.11.2017

Мамандықтың бәрін меңгереміз
Қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру еліміздің әрбір өңіріндегі өткір және өзекті мәселеге айналып отыр деуге болады. Жұмыссыздық мәселесінің шешімін табу үшін мемлекет халықты қолдау бағдарламаларын жасап отыр. Осындай танымал бағдарламалардың бірі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» болып табылады, ол жұмыссыз азаматтардың тек жұмысқа орналасуына ғана емес, қажеттілікке қарай кәсіби оқуына, қайта оқуына немесе біліктілігін арттыруына мүмкіндік береді. Бағдарлама жұмыс істеп келе жатқан уақыттардан бері оның осы құрамдас бөлігінің арқасында жүздеген адамдар жаңа мамандықтарды меңгерді және өздеріне лайықты жұмыс тапты.

Бағдарлама қатысушыларының айқын сәтті мысалдарының бірі – төрт баланың әкесі – Абдухамит Сализов. Ол 40 жаста және әйелі бала тәрбиесімен айналысып отырғандықтан, отбасындағы жалғыз асыраушы болып табылады. Балаларының ең кішісі осы жылы 6 жасқа толады. Ортаншы екі баласы мектепте оқиды, ал үлкен қызы Қарағанды қаласындағы колледждердің бірінде білім алуда. Абдухамит бір жылдан астам уақыт бойы орталық базарда аспаз болып табыс тапты, алайда білімі туралы дипломы болмағандықтан, бейресми жұмыс істеді.
2012 жылдың тамыз айында туыстарының кеңесімен қалалық жұмыспен қамту орталығына келді, әрі бірден Қарағанды тамақтану және сервис колледжіне «аспаз» мамандығы бойынша кәсіби оқытуға жолдама алды. Үш ай оқып дипломын алғаннан кейін Абдухамит тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасты. Одан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында жұмысқа орналастырылған, көп балалы отбасының басшысы ретінде Абдухамитке өңірлік комиссияның оң ұсынысының және тұрғын үй комиссиясының шешімінің негізінде қызметтік тұрғын үй берілді. Барлық қажетті құжаттарды жинап, Сализовтар отбасы 2014 жылдың басында қала орталығындағы жаңа жайлы үш бөлмелі пәтерге қоныстанды. Жаңа баспанамен бірге «қызметі бойынша жоғарылау» да көп күттірмеді, отбасының иесі «Лағман центр» қалалық кафесіне бас аспаз болып орналасты. Соңғы үш жылда өз отбасының өмірінің қалай өзгергендігі жайлы сұраққа Абдухамит тек, ризашылығын білдіре жауап береді.
– Мен жұмыспен қамту орталығына уақытылы хабарласқаным үшін өте қуаныштымын. Қалай жұмыс іздеп келгенімді, ал нәтижесінде оқу оқып және пәтер алып, әрі жұмыс тапқаныма әлі күнге дейін сене алмаймын, - деп өзінің сезімдерімен бөліседі Абдухамит.
Айта кету керек, қандай да бір себептермен жоғарғы білім ала алмаған, жастар да «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында білім ала алады.
Мысалы, 22 жастағы Еламан Тұрсынхан. Бұл азамат жетім және Қарағандыда қарындасымен бірге тұрады. 2012 жылы ҰБТ-дан өту кезінде қажетті баллды жинай алмағандықтан, университетке түсе алмай қалған. Жақсылыққа орай, Еламанның таныстары оған тегін оқу мүмкіндігі бар екендігі жайлы айтып, ол үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласуға кеңес берген. Осы кеңеске құлақ асқан, азамат Тұрсынханға бірден «электр монтері» мамандығы бойынша білім алуға жолдама берілді. Жас жігіт Қарағанды политехникалық колледжінде екі жыл бойы білім алды.  
– Колледж мені «Қарағанды-жарық» ЖШС-не кәсіби практикаға жіберді. Практикадан өткеннен кейін мені сол жерге шебердің көмекшісі ретінде тұрақты жұмысқа алды,-дейді Еламан.
– Оның колледжден практика өту үшін келгені менің есімде, өте жақсы нәтижелер көрсетті, жаңаны тез үйреніп, айтқандарымды жылдам құлағына құйып алып отырды, сол себепті мен оны өзімізде жұмысқа қалдыруды шештім, дипломы бар мамандар бізге өте қажет, - деп есіне алады Еламанның жетекшісі – Арман Жараспаев.
Сонымен қатар, Абдухамит Сализов сияқты Еламанға да өңірлік комиссияның оң ұсынысының және тұрғын үй комиссиясының шешімінің негізінде қызметтік тұрғын үй беріліп, 2014 жылы ол өзінің қарындасымен бірге 14 шағын аудандағы қалпына келтірілген үйдегі бір бөлмелі пәтерге қоныстанды.
– Қоңырау шалып менің өңірлік комиссия мен тұрғын үй комиссиясының оң ұсынысына ие болғанымды және маған қызметтік тұрғын үй берілгендігін естігенде қуанышымда шек болмады.Маған оқуға, жұмысқа тұруға, үй алуға көмектескен, жұмыспен қамту орталығының мамандарына мен осы уақытқа дейін алғысымды білдіремін. Болашақта мансап баспалдағымен жоғары көтерілемін деген үмітім бар. Қазір сол үшін тер төгіп жатырмын,- деп жымиды Еламан.
Бағдарлама қатысушыларын кәсіби оқыту жұмыспен қамту орталығымен мемлекеттік білім беру тапсырысының аясында ұйымдастырылады және оқу курсының мазмұнына байланысты кәсіби даярлықтан өту кезінде – он екі айдан артық емес; қайта даярлық кезінде – алты айдан артық емес; біліктілігін арттыру кезінде – үш айдан артық емес мерзімге созылады. 2016 жылы қаланың 7 оқу орталығында 60-қа жуық адам кәсіби оқытудан немесе қайта оқытудан өте алады, одан кейін олардың барлығы жұмысқа орналастырылатын болады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бұл бағытын жүзеге асыру мамыр айында басталады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 430
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1189
count 88x31px