МЕДИАЦИЯ – мәмілеге келу жолы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында дау-дамайды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға үлкен көңіл бөледі. 2011 жылғы 28 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаев «Медиация туралы» Заңға қол қойып, аталған заң сол жылдың 5 тамызында күшіне енген болатын. Өткен жылы 17 қазанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау мақсатында медиация кабинетін ашу ұйғарылды. Бұл заң елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды. Медиация дегеніміз – тараптардың еркін келісімі арқылы олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жəрдемдесуімен дауды реттеу тəсілі. Ал, медиатор – заң талаптарына сəйкес, кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізетін тəуелсіз жеке тұлға.

– Қалалық әкімдікте медиация кабинеті тұрғындарды Медиация туралы заң ережелерімен кеңінен таныстыру мақсатында ашылып отыр. Енді келушілер бұл жерде дау-дамайды сотқа дейін шешудің артықшылықтары туралы ақпарат алып, медиацивті қызмет көрсету аясында заңгердің тегін көмегіне қол жеткізе алады. Медиацияның қызметін айқындай түсетін құқықтық-нормативтік және өзге де әдеби кітапшалар, буклеттер мен әдістемелік құралдар ұсынылады. Қажет болған жағдайда Теміртау қаласында жұмыс жасайтын кәсіби не болмаса әуесқой медиаторлардың тізімі беріледі. Кабинет жұмысы сот қызметкерлерінің қызметін жеңілдетіп, жемқорлықтың алдын алу мен қоғамдағы дау-дамайлардың, жанжалдардың азаюына септігін тигізеді деп сенемін, – деді қала әкімі Ғалым Әшімов.

Қиын жағдайға тап болған адамдар көп жағдайда билік органдарына, әкімдіктерге жүгінеді. Сондықтан, мұндай кабинеттің ашылуы медиацияның дамуы мен дау-дамайды шешудің әмбебап құралы болары сөзсіз. Медиация институтының дамуында айқындаушы рөлді азаматтық қоғам атқаратындығын ескерсек, теміртаулық медиация кабинеті жаңадан құрылған қалалық қоғамдық кеңестің іргесінде құрылуда. Бұл кеңес азаматтық қоғамның құрылуына дәйекті түрде мүмкіндік бере отырып, өз еріктерімен көптеген даулы мәселелердің шешімін шығаруға әбден қауқарлы.

 

ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 915
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px