Мейірім - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мейірім
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
“Орталық Қазақстан”

Бір ата-ана баласына «екі» қойған мұғалімнен миллион теңге талап етті.
«Шетелде өйтіпті, бүйтіпті» деуші едік. Бұрында. Ал, мынау – біздің елдегі факт. Кешелі-бүгінгі.
Әңгіменің басын ашып алайық. Мақсатымыз – белгілі бір мұғалімнің жыртысын жырту емес. Көрген, білгенімізді қағазға түсірдік...
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы (Әл-Фараби). Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, құқық бұзушы ұл-қыздардың басым көпшілігі толық емес отбасынан шыққандар. Ата-ананың мейіріміне шөлдегендер. Бәлкім, келіспессіз. «Таяқтың екі ұшы бар».
Қазақ тақымға үйреткен тайдың өзін сыңар езу тартпасын дейді. Ал, бауыр еті – балаңыздың жөні тым бөлек. Мысалды оқыңыз.    
Бастауыш сынып оқушысы шығарма жазыпты. «Жаратушы Аллам! Мені теледидарға айналдырыңызшы. Үйдегілер үшін менен гөрі осы көкжәшік маңызды. Әкем де, анам да жұмыстан келісімен, теледидарға телміреді. Ол дұрыс жұмыс істемей қалса, мұңаяды, маза таппайды. Ал, менің айтарымды соңына дейін тыңдамай, бетімнен қағады».  
Бірақ, бала болса да шығармасын былай деп аяқтапты: «Мен бәрібір ата-анамды сүйемін. Оларға зор денсаулық тілеймін!».  
Міне, баланың үні, баланың қалауы!
Жас шыбықтың әлгі миллионда шаруасы жоқ. Оған мейірім керек!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px