Мемлекеттік тілге – ерекше мән - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мемлекеттік тілге – ерекше мән


«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Іс жүргізу және құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік мекемелердің жұмысына әдістемелік көмек көрсету. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, іс жүргізуге қатысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру жолдарын сараптау, іс жүргізу тәжірибесін нығайту. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және ағымдағы жағдайды, болжамды өзгерістерді талдау.

Дөңгелек үстел жұмысында Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Тілдерді оқыту орталығының мамандары әдістемелік көмек көрсетті. Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларды жаңа терминдермен, іс жүргізудің негізгі ерекшеліктерімен таныстырды. Шараға қатысушылар жұмыс барысында туындайтын көптеген сұрақтарын қойып, білікті мамандардан тиісті жауаптар алды.

60 адамның басын қосқан шараға мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде, жоғары оқу орындарының, мектептердің, халыққа қызмет көрсететін мекемелердің іс қағаздарын толтыруға жауапты мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша әр қатысушыға сертификат табысталды.

Тіл саясаты – бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, бөлім тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған осындай шараларды жиі өткізуде.


Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 114
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px