Мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті турнир өткізді. «Әкем, анам және мен – спортшы отбасымыз» деп аталған іс-шара Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылды.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Бұл сайысқа облыс әкімдігінің, облыстың тұтынушылар құқығын қорғау департаменті, облыстың әділет департаменті, облыстың статистика департаменті және облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшілері қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – отбасы демалысын тиімді ұйымдастыру, балаларды спортқа баулу. Жылдамдықты, шапшаңдықты, белсенділікті арттыру. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру. Мұның өзектілігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та үнемі баса айтады.
Сайыс жеті кезең бойынша өткізілді.
Нәтижесінде, облыс әкімдігінің өкілдері көш бастады. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ бақылау және құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Дана Мұхамедиеваның отбасы оқ бойы озық шықты.
Екінші орында – облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшісі Минданья Денисламова. «Саран қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ бөлімінің бас маман-заңгері.
Облыстың тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қызметшісі – Айгерім Жылқыбаеваның отбасы үшінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, облыстың әділет департаменті қызметшісі – Әлия Темірованың отбасы және облыстың статистика департаментінің қызметшісі Сандуғаш Әкімованың отбасы да спортқа жақын екендіктерін көрсетті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 410
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px