Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мемлекеттік  қызметтер   туралы  ақпарат
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» №88-V Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттарына сәйкес «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен мүгедектерге келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1. белгіленген  нысан бойынша өтініш;
2. көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
4. мүгедектігі туралы анықтама;
5. жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге, жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда – мерттіккендігі жөніндегі актінің көшірмесі және  жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылғандығы туралы құжат;
6. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлгендер  – белгіленген  нысандағы куәлік;
Санаторлы-курорттық ем алу үшін мүгедектер осы құжаттарға қосымша денсаулық сақтау ұйымымен берілетін санаторлы-курорттық картасын, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекен-жай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - мүгедектерге берілетін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні .
Құжаттарды қабылдау «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен жүргізіледі (мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, №5 каб., күнделікті дүйсенбі жұма күндері сағ.9.00-ден 17.30-ға дейін,  түскі үзіліс сағ.13.00-ден 14.30-ға дейін).
Мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарды  30-01-69, 30-02-33 байланыс телефондары арқылы алуға болады.

Қарағанды қаласының әкімдігі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 464
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px