Мердігер ұйымға – қатаң сын - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды қаласындағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жалпы сомасы 224,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұл қаражат арқылы 85875 шаршы метр көлемінде жол жөнделуі тиіс. Оның ішінде, Қазыбек би атындағы аудан бойынша – 57629 шаршы метр, Октябрь ауданы бойынша – 28245,4 шаршы метр жол.

Біріншіден, Асылбек Дүйсебаев Гоголь көшесі бойындағы жол шұңқырларын жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда жолды жөндеуші мердігер ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды. Мәселен, олар жөндеу жұмыстарынан соң учаскелерді бір күннен асырмай асфальттауы қажет еді.

Қазіргі күнге дейін Қарағандыдағы 28 көше бойына жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ, тапсырыс беруші – қала әкімдігі атқарылған жұмыстар үшін мердігерлерге қаражат төлеуге асығар емес. Себебі, қала әкімдігі техникалық қадағалау қызметінің мамандарымен бірлесе отырып, жөндеу жұмыстарына пайдаланылған өнімнің сапасын тексермек екен.

Бірақ, жол шұңқырларын жөндеу – қауіпсіз және үздіксіз жол қатынасын реттеуге арналған мерзімдік іс-шара. Сондықтан, жұмыстың мұндай түріне Қазақстан Республикасының барлық нормативтері бойынша кепілдік берілмейді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сәтбаев көшесі бойындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл көше бойындағы жолға түйіршікті асфальт-бетонды пайдалану арқылы жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның сапалы боларына мамандар сенімді. Мердігер ұйымның директоры мұндағы жөндеу жұмыстарын көзделген мерзімінен бұрын, яғни, 15 қыркүйекке дейін аяқтауға сендірді.

Бұдан соң Асылбек Дүйсебаев орташа жөндеу жүргізіліп жатқан Волгодонская көшесіндегі жолмен танысты. Мердігер ұйым жолдың төменгі қабаты – асфальт-бетонды төсеген. Бұл ұйым басшылығының айтуынша, жөндеу жұмыстарына қажетті материал толық сатып алынған. Техника жұмыс орнына жеткізілген. Күн райы қолайлы болса, мұндағы жұмыстар 1 шілдеге дейін аяқталады.

Осы жылы облыс басшылығы облыс орталығындағы жолдар ахуалын реттеуге ерекше мән беріп отыр. Осыған орай, Қарағанды қаласы әкімдігіне қосымша қаражат бөлінді. Ол арқылы Молоков, Зональная көшелеріндегі, Н.Әбдіров даңғылындағы (кіші), Прогресс, 12 ықшам ауданның «Горняк» базары маңындағы ішкі орамдағы, Менделеев көшесіндегі, вокзал алдындағы алаңдағы, Әлиханов көшесіндегі, 15-магистральдағы (Попов көшесінен – «Гелиос» жанармай бекетіне дейін), Совхозная көшесіндегі (Сантехническая көшесінен – 764-шақырымға дейін), 137 учаскелік орамдағы, Кувская көшесіндегі, К.Маркс көшесінен – Р.Люксембург көшесіне дейінгі, Винницкая көшесінен – әскери бөлімге дейінгі аралықтағы жолдарға орташа жөндеу жүргізіледі.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, облыс әкімінің бірінші орынбасары жөндеу жұмыстарының сапасын, жүргізілу барысын қатаң бақылауды тапсырды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 366
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px