Мерейлі мерекеге – 25 нақты қадаммен - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мерейлі мерекеге – 25 нақты қадаммен
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында атқарылуға тиісті маңызды міндеттер тұрғанын атап кеткені баршамызға аян.
Тәуелсіздік мерейтойының баршамыз үшін тарихи мәні зор екенін ескере отырып, Қарағандыдағы іргелі институт ұжымы 25 инновациялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, 2016 жылы 11 ақпанда институтта өткізілген «Ашық аудитория» отырысында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл – 25 даму инновациясы» жобасы ұсынылды. Жоба институттың тиімді жаңалықтарды енгізу арқылы білім беру-педагогикалық жүйесінің әрі қарай дамуына бағытталған. Аталмыш жобаның дүниеге келуіне институттың білім беру қызметіне тапсырыстың артуы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның рейтингтік көрсеткіштерге жетуі түрткі болды. Жоба бойынша инновациялар аймақтары ретінде курстық дайындық пен курстан кейінгі жұмыстың мазмұны, біліктілікті арттыру курстарын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру курстарының мониторингтерін ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, институттың серіктестермен өзара іс-әрекеті негізге алынған.
Жоба үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында іске асырылмақшы.
«Қазақстан Республикасының Тәуел­сіздігіне 25 жыл – 25 даму инновациясы»  жобасы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту» зертханасы мен «Педагогтің кә­сі­би дамуының 100 кітабы» акциясын, білім беру ұйымдары-халықаралық зерттеулердің қатысушылары үшін  «PIRLS-2016» семинарлар топтамасын қолға алу, педагогикалық кадрлардың және олардың кәсіби дамуының отандық және халықаралық теориясы мен практикасының инновациялық шешімдерін талқылау мен жүйелеу, «Біліктілік арттыру жүйесі: Педагогикалық кадрларды кәсіби дамытудың инновациялық шешімдері» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу жүзеге асырылмақшы. Сондай-ақ, арнайы білім беру ұйымдарының педагогикалық практикасына қазақстандық білім кеңістігінде өзекті болып отырған Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін ендіру мен бейімдеуге көмектесу мақсатында «Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту мен оқудың инновациялық тәсілдерін қолдануға мұғалімдерді дайындау» ғылыми-әдістемелік семинарлар кезеңінен топтама ұйымдастырылмақшы.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагогика ғылымының негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығын атап өтуде күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Осы айтулы оқиғаларға орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірқатар шараларды ұйымдастыруды қол­ға алды. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық байланысын өрістету, тәжірибе алмасу мақсатында біздің институт пен Краснояр БАИ ұжымдық оқыту тәсілі методологиялары және технологиялары зертханасы және Хачатур Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университетінің жалпы методология және педагогикалық инновациялар зертханасы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылмақшы.   
Ерекше айта кетер жаңалығымыз, қыркүйек айында институт директоры, бі­лікті басшы, профессор Сәулеш Дімкеш­қызының өзгерістер жағдайында ұйымдастыруды басқару бойынша ПҚ БАИ тәжірибесін теориялық-әдіснамалық жалпылауға арналған «Педагогтердің бі­ліктілігін арттыру жүйесін дамыту жағдайындағы инновациялық менеджмент» монографиясының тұсауы кесілмекші.
2012 жылдан бастап біліктілікті арттырудың ұлттық жүйесі Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрларының кәсіби дамуын ұйымдастырудың ескі мазмұнын, формалары мен әдістерін  ауыстыруға, өзгертуге нұсқау алды. Білім беру жүйесінің деңгейі көбіне жаңалықтар санымен және олардың қолданылу дәрежелерімен  өлшенеді. Қазіргі уақытта осы бағытта қадам жасап, Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты отандық білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді тәжірибеге енгізуді қолға алуда.  
Бүгінгі таңда институтымызда инновациялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. 2016 жылдың 7 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институты білім саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, озық инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді жалпылау мен тарату мақсатында «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы»  атты II Республикалық  педагогикалық оқулардың облыстық кезеңін өткізді. Педагогикалық оқулар қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығымен ұштастырылды. Педагогикалық оқу «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауыш білім беру», «Орта білім беру», «Қосымша білім беру», «Техникалық және кәсіби білім беру», «Білімдегі менеджмент» бағыттары бойынша жүргізілді. Облыстық кезеңнің Сараптау кеңесінің талқылауына 160 жұмыс, оның ішінде 57 авторлық бағдарлама, 19 білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламалары, 84 инновациялық жоба ұсынылды. Байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға өзектілігімен, жаңашылдығымен,  ерекшелігімен және тәжірибелік маңыздылығымен айқындалған 47 жұмыс  ұсынылды.  Қазылар алқасының бағалауы бойынша II Республикалық  педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің басымдылық бағыттарының  жүлдегерлері анықталды. Жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға  II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне қатысқандары туралы сертификаттар тапсырылды.
Қазақстанның мерейтой жылына арналған «Қазақстан Республикасы Тәу­ел­сіздігінің 25 жылдығына – 25 даму ин­но­вациялары» жобасы Қарағанды облыс­тық педагогикалық қызметкерлердің бі­ліктілігін арттыру институтының 2014-2016 жылдарға арналған «Мықты аймақ – мықты Орталық» Стратегиялық  жоспа­рын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіби білікті және бәсекелестікке бейім, шығармашылық әлеуеті жоғары мамандары тұрғанда, институт ұжымы діттеген мақсатына жетіп, қолға алған жұмысын абыроймен атқарады демекпіз.

Ержан  ОРАЗБАЕВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма басшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 318
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px