«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы
Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сәйкес өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңін өткізу жарияланды.  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекі­тілген конкурстың  ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық (қалалық), өңірлік және ұлттық кезеңдерде өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер қалалық және аудандық әкімдіктерге 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы»  конкурсы  (бұдан әрі – конкурс)  өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған Ұлттық конкурс шеңберінде өткізіледі.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;  
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауап­кершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имид­жін насихаттау.
2. Конкурсқа  отбасылар  (бұдан  әрі  –  үміткерлер)  қатысады.  Конкурс Қарағанды облысының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
3. Конкурс жеңімпаздары (1, 2, 3 орын) өңір­лік комиссия төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері ұсынған өтінімдер негізінде облыстық комиссияның шешімімен анықталады.
4. Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіледі.
5. Мыналар:
1) қызметі  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тыйым  салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
6. Конкурстың ұйымдастырушылары облыс­тық әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат қомиссиясының көмегімен Ішкі саясат басқармасы болып табылады.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу және конкурстың республикалық кезеңіне жеңімпазды ұсыну жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру сәуірдің 1-10 аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
8. Конкурс үш кезеңде өткізіледі.  Бірінші кезең  –  аудандық (қалалық), екінші – өңірлік, үшін­ші – ұлттық.
9. Жергілікті атқарушы органдар  өңірлік деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады, сондай-ақ, комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.
10. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық)  комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:  
1) ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың)  жеке  басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап  алушы  (қорғаншы)  отбасылар  үшін  –  жергілікті  уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4)  ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;  
5) балаларды  тәрбиелегені  үшін  алған  кө­термелеулердің,  белгілі  бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың,  ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
11. Құжаттарды    көрсетілген    мерзімнен    кейін    ұсынған    үміткерлер конкурсқа қатысуға жі­бе­ріл­мейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
13. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық  (қалалық)  комиссия  алынған  ақпаратты  жан-жақты тексергеннен кейін аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын 15 мамырға дейін өңірлік комиссияларға жібереді.
15. Облыстық комиссия екі үздік отбасын іріктеп алады, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізіп, облыс әкімімен  келісілген өз шешімдерін осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, жыл сайын 30 мамырға дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.
16. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетіс­тіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
9) отбасының қоғамдағы беделі.
17. Жеңімпаз отбасыларына ұлттық конкурстың лауреаты атағы тағайындау бойынша үміткерлерге «Мерейлі отбасы» облыстық конкурсының лауреаты атағы беріледі, диплом және бағалы сыйлық ұсынылады.
18.  Конкурс  лауреатын  марапаттау  рәсімі  жыл  сайын  салтанатты түрде өткізіледі.
19. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, конкурсты ұй­ымдастырушылардың интернет-ресурстарын­да орналастырылады.
20. Комиссия ұсыныстарды коллегиалды қарастырудан кейін 10 күннің ішінде таңдау бойынша бағдарламалар циклін дайындау үшін, сондай-ақ, лауреат атағын тағайындау бойынша отбасы – үміткерлері туралы құжаттарды мемлекеттік телеарнаға жолдау.
21. Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына
қатысуға арналған  ӨТІНІМ
Отағасының (әкесінің немесе шешесінің) деректері:
Аты-жөні    
Жасы _________________ жынысы    
Білімі    
Жұмысы    
Тұрғылықты мекені    
Отбасы құрамы туралы мәлімет    
Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан    
Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері    
Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
Аты-жөні    
Жасы    
Білімі    
Жұмысы    
Тұрғылықты мекені (мекен-жайы және тел.)     
Отбасы түрі (2-, 3-, 4-буын және т.с.с.)     
Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі    
Тәрбиелеуге негіз болған ата-ананың қасиеті    
Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған     
Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді    
Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы    
Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар    
Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге).
 Қолы
Күні

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 196
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px