Мешітте азық-түлік таратты - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қасиетті Рамазан айында ізгілік нұрын себетін шаралар кеңінен қанат жайды. Соның айғағындай, 29 маусымда Сәтбаев қаласындағы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінде «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты кең көлемді қайырымдылық акциясы өткізілді.

 

Ислам құндылықтары мен қазақ халқының салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық бар екені белгілі. Соның бірі — береке-бірлікпен қатар мейірімділік пен қайырымдылық ұстанымдарын өмір салтына айналдыру. Осы мақсатта ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы кезінде қалалық мешіттің бас имамы Қондыбай қажы Серікбайұлы жамағатқа сөз арнап, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптарының қайнар көзі асыл дінімізден бастау алатыны туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Қажылар қауымдастығының мүшелері де жағдайы төмен жандарға қарайласудың сауапты іс екенін ерекше атап айтты. Қайырымдылық шарасына байланысты тұрмысы төмен, көп балалы, жалғыз басты аналарды қамтыған 100 отбасының тізімі алынған екен. Осы жандарға мешіт ауласынан 3 килодан картоп, 2 килодан пияз, 5 кило макарон өнімдері және 2 килодан қант-шай таратылды. Іргелес Жезқазған кенті мен Ұлытау ауданынан келгендерге де қайырымдылық көрсетілді.

Жалпы, Ораза кезінде қажылар қауымдастығы мен жамағат ішіндегі ауқаттылардың атсалысуымен мешітте киіз үй тігіліп, күн сайын ауызашар ұйымдастыру берік дәстүрге айналған. Оған да әлеуметтік жағдайы төмен жандардың көбірек келуіне көңіл бөлінуде.

 

СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 678
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px