Мобильді қолтаңба іске қосылады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Мобильді қолтаңба іске қосылады
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Егер сізде ғаламторға қосылуға мүмкіндік болмаса, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электронды қолтаңба жазылған sim-картамен мобильді үкіметтің қызметін пайдалана аласыз. Алтел жəне Beeline операторлары осыған лайық электронды қолтаңба жазылған sim-карталар шығарды.   

Естеріңізге сала кетейік, «Мобильді қолтаңба» – ұялы телефонмен электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған қызметтерді алу үшін мобильді қосымшаны пайдаланушылар файлдық ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қолданады.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов: «Соңғы екі жылдан бері электронды үкіметті дамыту аясында «Android», «iOS», «Windows Phone» платформаларындағы электронды үкіметтің мобильді нұсқасына қолжетімділік артты. Мобильді үкімет арқылы тұтынушыға 2,5 млн. рет қызмет көрсетілгенін ескерсек, қазіргі таңда осы нұсқа арқылы 80-ге жуық қызмет түрін пайдалануға болады. Ғаламторды жиі пайдаланбайтын адамдардың сұранысына орай, бірнеше қызмет түрін «sms» арқылы пайдалануға мүмкіндік жасадық. Электронды үкімет қызметі қолданылатындықтан мобильді оператор арқылы sim-картаға электронды қолтаңба жазылады. Биылдан бастап Kcell жəне Тele-2 операторлары мобильді қолтаңба бере бастайды», – деді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 205
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px