Нұр жауған күн - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Нұр  жауған  күн
Жылдағы дәстүр бойынша мектеп алаңы безендіріліп, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынының басында ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, елдің Әнұраны айтылды.
 
Бұл жиынға қала әкімі Қ.Қамзин, қалалық мәслихат хатшысы Б.Сәрсенбеков, қалалық білім бөлімінің басшысыт Г.Қасымова, білім бөлімінің әдіскері А.Шалғынбаева қатысты. Алғашқы сөзді алған мектеп директоры П.Жұмаханова мектеп мұғалімдері мен оқушылардың жетістіктеріне үлкен мақтанышпен тоқтала отырып, жас түлектерімізге сәттілік тіледі. Тебірене сөйлеген ұстаз бүгінгі күннің ерекшелігін жақсылыққа ырымдап,  мектеп қабырғасынан ұшқалы тұрған қарлығаштарымызды нұрлы болашақ күтіп тұрғанына сенімді екенін айтты.
Сондай-ақ, Приозерск қаласының әкімі Қ.Қамзин жыл бойы талмай еңбек етіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген мектеп ұстаздарын қаржылай сыйлықпен, дипломдармен және Алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтқанда, №1 мектеп мұғалімдері –  Г.Қонысбекова, Э.Наркулова, Г.Қыдырбаева, Г.Қасымова, Г.Артықова, Л.Бейскакова, Ұ.Мамелекова, З.Мурадасилова, М.Қарабаева, Д.Бекмұратова, №2 мектеп мұғалімдері – П.Ержанова, Ж.Байманасова қала әкімінің 10-40 мың теңге көлеміндегі қаржылай  сыйлықтарымен марапатталды. Шәкірттерінің жүлделі орындары арқылы өз еңбектерінің жемісін көрген ұстаздарымыздың жүзінен ризашылық кейпін байқамау мүмкін емес еді. Бұл сыйлық ұстаздарымызды дән риза етіп, оларға үлкен сенім мен жауапкершілікті сездіргендей болды.
Өз кезегінде сөз алған жиын қонақтары – қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Сәрсенбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Қасымова, білім бөлімінің әдіскері А.Шалғынбаева жас түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Мектеп оқушылары мен бітіруші түлектердің арасынан пәндік, спорттық сайыстарда жүлделі орындарға ие болғандарға диплом, медаль, Алғыс хаттарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Өтегенова тапсырды.
Мектебіміздің жас түлектерін 1 сынып оқушылары құттықтап, өздерінің мерекелік тартуын жолдаса, сынып жетекшілері толқу үстінде өз тілектерін жеткізді. Мектептің ата-аналар ұжымы мектеп басшысы мен ұстаздарымызға алғыстарын айтып, бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, ҰБТ-ны жақсы көрсеткіштермен тапсыруына тілектестігін білдірді.
Әр жылғы түлектеріміздің соңғы қоңырауға дайындаған мерекелік ризашылығы мен  тосын сыйлары тек қана білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын ғана емес, қала тұрғындарын да таң қалдыруда. Міне, биылғы 2016 жылдың 25 мамырында қанатын қомдап ұшқан қарлығаштарымыздың бірыңғай көгілдір және қызыл түстен «Жас түлектер» деп жаздырып, ұшырған шарлары да  қала аспанында қалықтап ұшып бара жатты.
Нөсерлі жаңбырмен басталған, нұр жауған күнгі салтанатты соңғы қоңырау жиыны өте жоғары деңгейде өткеніне бәріміз куә болдық.
М.ХИЗИРОВА,    
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ПРИОЗЕРСК қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 297
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px