Нарықты қолдау – жастарға - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Нарықты қолдау – жастарға
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өзара ынтымақтас­тық туралы меморандумға қол қойды. Оның мақсаты – «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету» жобасын ілкімді
негізде іске асыру.

Меморандум мазмұнына сәйкес өткізілген семинарда студенттер қауымы бизнес жаттықтырушылар және табысты кәсіпкерлердің тәлім беруімен бизнес-жоспар түзу, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу, несие алуға қажетті құжаттарды талап деңгейінде рәсімдеу және тағы да басқа сол секілді бизнесті ашу мен жүргізудің басты шарттарын меңгеруге талпыныс жасады.
Жобаны жүзеге асыру аясында жастар бастамасының қалыпты дамуына қол жеткізу мақсатында тәлімгерлік институтын енгізу жоспарланып отыр. Ал, оның мәреге жетер сәтінде студенттердің бизнес-жоспарды дербес жағдайда құруына мүмкіндік беріледі. Содан кейін құрамына аймақтың танымал кәсіпкерлері мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері енетін конкурстық комиссия ең үздік үш жобаны іріктеп алады. Оның негізгі сипатбелгілерінің санатына экономиканың басымдықты иеленетін бағытына бейімділік, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, әлеуметтік тиімділік, қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына оң көзқарас секілді талаптар жатқызылатын болады.  
Міне, осылайша, студенттердің өз кәсібінің негізін бүгіннен қалауына оңтайлы мүмкіндік тудырылып отыр.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 147
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px