Науқанға әзірлік қызу - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Науқанға әзірлік қызу
Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары  Шагурашид
МАМАЛИНОВ бастаған жұмыс тобы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына арнайы барды. Қос аудан орталығында өткізілген жиындарда көктемгі егіс науқанына дайындық шаралары пысықталды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудағы жаңашылдықтар мен «ҚазАгро» АҚ-ның бағдарламалары туралы кеңінен түсіндірілді.
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Жалпы облыс бойынша биыл 770,2 мың гектар жерге дән себу жоспарлануда. Оның ішінде аймақтағы астықты аудандардың бірі – Бұқар жырау ауданының үлесі 120,5 мың гектарды құрамақ. Бұқаржыраулық диқандар 78,9 мың гектарға – бидай, 38,1 мың гектарға – арпа және 3,5 мың гектарға сұлы дақылдарын екпек. Бұдан бөлек, картоп алқаптары – 2067 гектарды құраса, 255 гектар жерге – көкөніс, 3,5 мың гектарға – майлы дақылдар өсірілетін болады.
Көктемгі науқанға жұмылдырылатын техника күшінің дайындығы қызу жүруде. Аудандағы 2197 трактордың 93 пайызы егіс даласына шығуға әзір. Сонымен қатар, 842 тұқым сепкіштің 92 пайызы, 11 тұқым себу кешенінің барлығы жұмысқа жарап тұр.
Жанар-жағармай қоры жасақталуда. 28 наурыздағы жағдай бойынша, науқанға қажетті 3287 тонна дизель отынының 781 тоннасы сатып алынды. Ал, егіс жұмыстарына жұмсалатын 444 тонна бензин қорының, әзірге, 20 тоннасы жеткізілді.
Қарқаралы ауданында 52 мың гектар жерге астық себілмек. Мұнда бидайдың үлесі – 44,6 мың гектарды, арпаның үлесі – 7,1 мың гектарды және сұлының үлесі – 0,3 мың гектарды құрайды деп күтілуде. Және қарқаралылықтар 19 гектар алқапқа картоп өсіріп, 3 мың гектар аумаққа көпжылдық шөп егуді қолға алуда.
Науқанға 670 трактор күші қатыстырылады. Олардың дайындығы 90 пайызды еңсеруде. 387 тұқым сепкіш пен 2 тұқым себу кешенінің барлығы егіс жұмыстарына тастүйін даяр.
Аудандағы егіс шараларына 1207 тонна дизель отыны қажет екен. 28 наурыздағы ахуалға сәйкес, тиісті көлемнің 422 тоннасы ауданға жеткізілген. 190 тонна бензин әкелініп, 52 тонна жағармаймен қамтылған.
Облыстағы ауыл шаруашылығын қолдау бағытында биыл 7 млрд. 400 млн. теңге бөлінуде. Бұл – «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы. Оның ішінде тұқым өсіру шаруашылығына 111,2 млн. теңге қарастырылып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Асанов жиынға қатысып отырған шаруа қожалықтары жетекшілеріне субсидиялау механизмдерінің жолдары мен жобалардағы өзгерістер жөнінде айтып берді.
Жиында ауыл шаруашылығын қолдау ұйымдарының өкілдері халықпен қостарапты әңгіме құрды. Мемлекет тарапынан диқандарға арналған бағдарламалар мен жобалар туралы кеңінен әңгімеледі. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, толымды жауап алды.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов көктемгі егіс науқанына әзірлік жұмыстарының қарқынын жеделдетіп, тиісті шараларды уақытында атқару туралы тапсырмалар берді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px