Өндіріс – өңір тамыры - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс сапарымен Жезқазған қаласында болды. Сапар барысында аймақ басшысы қазығын Қаныш қаққан шаһардағы Металлургтер мен байытушылар күніне орайластырылған мерекелік шараларға қатысты.

Қойнауы қазынаға толы өңірде бой көтерген Жезқазған қаласының бастауында академик Қаныш Сәтбаев тұр. Сондықтан, мыс бұлағын ағ­ызған металлургтердің кәсіби мерекесіне арнайы келген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Бақтияр Қрықпышев, Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов, еңбек ардагерлері, металлургтер мен байытушылар, қала тұрғындары Қаныштың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, құрмет білдірді.

Тұлғаға тағзым етуден басталған мерекелік шаралар С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрындағы салтанатпен жалғасты. Мұнда облыс әкімі жиналғандарды мерекелерімен құттықтады.

Металлургия – облыс экономикасының негізгі саласы болып табылады. Қарағанды облысы металлургия өнеркәсібі бойынша республикада көш бастап келеді. Металлургия саласының өркендеуі, тек, мысқа бай Жезқазған өңірінің түлеуіне ғана емес, аймақтағы өзге де қалалардың гүлденуіне серпін береді, – деді облыс әкімі.

Салтанат барысында Нұрмұхамбет Қанапияұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасын Жезқазған мыс балқыту зауыты мыс электролизі цехының учаскелік шебері Нариман Ғабдуллин, Жезқазған мыс балқыту зауыты балқыту цехының балқытушысы Сұлтан Әбішев, «Казкат» зауытының технологиялық қызметінің кран машинисі Георгий Чуперко, Жезқазғандағы №№1, 2, 3 байыту фабрикаларының жылу-энергетикалық бөлімшесінің газ-электрмен дәнекерлеушісі Александр Кортунов пен құю-механикалық зауытының токарі Дәурен Аяшевке табыстады.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің басшылығы да әріптестерін құттықтады. Еңбекте үздік шыққан озаттар түрлі дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотоларымен марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Ымырт жабыла қаладағы футбол стадионында отандық және ресейлік өнерпаздардың қа­тысуы­мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 5563
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px