«Не? Қайда? Қашан?» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Не? Қайда? Қашан?»
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»

Баршамызға белгілі бұл тақырыптағы танымдық ойындар қазір еліміздің түпкір-түпкіріне мәлім. Осы жолы «Шахтер» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Жастар» спорттық кешенінде V қалалық «Не? Қайда? Қашан?» танымдық ойынының чемпионаты жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті.  

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, жеткіншектердің ой-өрісін кеңейту мақсатында қазақ, орыс тілдерінде ұйымдастырылып келе жатқан шараға барлығы 53 команда қатысса, оның 25-і сынға мемлекеттік тілде түсті. Қалғаны – орыс тілінде бақ сынасты. Ойынға қазақ тілі бойынша қатысқандардың көбі орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен қарағандылық балалар-жасөспірімдер клубтарынан һәм жалғыз команда Дубовка ауылынан келіп қатысты. Танымдық сайыстың шарты бойынша әр командаға 30 сұрақтан. Мұнда оқушылардың білім деңгейіне қатысты ғана емес, сонымен бірге, логикалық тұрғыда ойланып шешетін сұрақтар да топтастырылған. Сонымен, қазақ тілді командалар арасында ІІІ орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің «Жетті» құрама командасы, ІІ орынды тағы осы мектептен қатысқан «Көз тимесін» командасы, ал, І орынды «Жұлдыз» балалар-жасөспірімдер клубының «Ақ дельфин» командасы иеленді. «Жетті» командасының ойыншысы Аяна Абылаева үздік ойыншы ретінде танылды.
Орыс тілді ойыншылар арасынан Мұрагер мектебінен қатысушы «Перезагрузка» командасы ІІІ орынды, тағы да осы мектеп оқушыларынан құралған «Пионер лагерь «Паленая хвоя» командасы ІІ орынды иеленсе, №2 лицейден қатысқан «Какао-бобы» командасы чемпионаттың жеңімпазы болып танылды. Сондай-ақ, мұнда «Какао-бобы» командасының өкілі Зүлфия Рахымова үздік ойыншы болса, «7-8 сыныптар арасындағы үздік команда» аталымын Мұрагер мектебінің «Кекдоги» құрамасы қанжығалады. «Балалар-жасөспірімдер клубы арасында» үздік команда болып, «Кеша» (11 орам) құрамасы мойындалды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 113
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px