Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков кәсіпкерлікті заңсыз араласудан тиісті қорғауды қамтамасыз ету және қаржы полициясы органдары тарапынан негізсіз тек­­серіс жүргізу фактілерін жоюға бағытталған нұсқауға қол қойды.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ,

«Орталық Қазақстан»

Елбасының кәсіпкерлікті заң­сыз араласудан тиісті қорғауды қам­тамасыз ету, негізсіз тексеріс жүргізу фактілерін жою бойынша тапсырмасына сәйкес Агенттік төрағасы қаржы полициясы орган­дарының шағын және орта бизнес субъектілерін тексерудің ере­желерін белгіледі.

Шаруашылық субъектілердің кә­сіпкерлік қызметтеріне негізсіз араласу фактілерін жою мақсатында қаржы полициясы органдарына шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері жасаған қылмыс бойынша жедел ақпараттың бары туралы қызметкерлердің хабарламасы негізінде тергеуге дейінгі тексерулерді алдын ала жедел тексерусіз, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анық­тау үшін тексерусіз жүргізуге тыйым салынды.

Сонымен бірге, қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес қыл­­мыс­тық іс қозғауға себеп бол­май­тын иесі бүркемеленген арыздар­дың негізінде тергеуге дейінгі тек­серулерді жүргізуге тыйым салынды.

Ойдан шығарылған тұлғалар­дың шағымдары бойынша тек­серулерді ұйымдастыруды болдырмау мақсатында арыз иесінің тұратын жерін және қаржы полициясы органдарына жүгіну фактісін жедел жолмен анықтау қажет. Шағымда көрсетілген мекен-жай бойынша арызданушы болмағанда, егер бұл факт қарап-тексеру хаттамасымен және екі көршісінің қолымен расталса, немесе арызды жазу фактісін мойындамағанда, бұл арызданушының жазбаша арызымен расталса, арыз иесі бүр­кемеленген деп есептеледі.

Арыздарды және ақпараттарды тіркегеннен кейін, тексерісті бас­­­тамас бұрын анықтау мәлі­мет­терін білу және субъектіні жо­ғары тәуекелді топқа енгізу үшін автоматтандырылған ақ­парат­тық жүйелерден немесе Ав­то­маттандырылған криминогендік кар­тасынан тексеріс субъектісі туралы мәліметтерді алу мүмкіндігін қызметкерлер барынша пайдалануы тиіс.

Мәліметтер базасында шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты мәліметтер болмаған жағ­дайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң талаптарын міндетті түрде сақтай отырып оларды уәкілетті мем­лекеттік органдардан, банк ме­ке­мелерінен және басқалардан сұ­ратып алу керек.

Келіп түскен шағымдарды аза­маттық-құқықтық қарым-қатынастар белгісінің болуына және қылмыстық жазалау әрекеті белгісінің болуына немесе болмауына құқықтық баға беру жұмысына, өкілетті органдардан шешім қабылдауы үшін тексеріс материалдарына Агенттік төрағасының нұсқауымен талдау жүргізу міндеті бекітілді.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт міндеттерін орындамау фак­тілері, сот дауы және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда, қаржы полициясы органдары арыз түскен күннен бастап 3 тәулік ішінде, тексеріс жүргізбестен, арыз­данушыға өтініштің мәні бойынша оның құқықтары мен шағымдану тәртібін түсіндіре отырып жауап жібереді.

Арызда шаруашылық субъекті­лері құрылтайшыларының, бас­шы­ларының және өзге де қызмет­керлерінің әрекетінде қылмыс белгілері туралы мәліметтер болған жағдайда, оларды тергеуге тиіс органды анықтау жүзеге асырылады. Егер арызда баяндалған фактілер қаржы полициясы органдарының тергелуіне қатысты болмаған жағ­дайда, материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Келіп түскен материалдар бо­йынша тексерістер тек қылмыс құ­рамының белгілері анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Тергеуге дейінгі тексеріс кезінде тексеріліп жатқан субъектінің кәсіп­керлік қызметін уақытша тоқтатуға, толық тоқтатуға, оның ішінде үй-жайларды мөрлеуге, автокөлік құралдарын автотұрақтарға алып кетуге, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдерін түнгі уақытта (жергілікті уақыт бойынша 22:00 сағаттан 6:00 сағатқа дейін), демалыс және мереке күндері шақыртуға жол берілмейді.

Тексерілетін объектілердің лау­а­зымды тұлғаларынан сұрақ-жауап, шағын және орта бизнес субъектілерінен құжаттарды тікелей алу тек шаруашылық субъе­к­тілері құрылтайшыларының, басшы­ла­­рының және өзге де қызмет­кер­­лерінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігін көрсететін материалдар жинақталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Тергеуге дейінгі тексеру материалдары бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен құжаттарды алу тек зерттеліп жатқан мәселе ауқымында жүзеге асырылады.

Аумақтық органдардың тапсырмалары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізу кезінде тіркелген қылмыстық іс, немесе алдын ала тергеуге дейінгі материалдар, сонымен қа­тар, тергеушілердің жеке тапсырмалары бойынша тексерулерді тек тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жүргізе алады.

Шағын және орта бизнес субъек­тілеріне тексеру тек аумақтық де­пар­тамент бастығы бекіткен тек­серістің негізділігі туралы қоры­тынды шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Шағын және орта бизнес субъек­тілеріне тексеру жүргізу кезінде қаржы полициясы органдарының қыз­меткерлері: азаматтардың конс­ти­туциялық құқықтарын, бостан­дықтары мен заңды мүдделерін, және мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының ережелерін қатаң және мүлтіксіз сақтауға; кісінің ар-намысы мен абыройын құрмет­теу принциптерін қолдануға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, әдепті және ілтипатты болуға; заңдылықты қатаң түрде сақтауға, әділдік пен табандылық көрсетуге, қызметтік және еңбек тәртіптерін бұзуға жол бермеуге, жекелеген шаруашылық субъектілерінің мүдделеріне төре­шілдік білдірмеуге, сарсаңға сал­мауға және сүйемелдеп-қолдамауға міндетті.

Қаржы полициясы қызметкерлері тарапынан шағын және орта бизнес субъектілерін тексерудің аталған ережелерін бұзу жағдайлары орын алса, кәсіпкерлер қаржы полициясы органдарының «144» сенім телефонына немесе Агенттіктің ішкі қауіпсіздік басқармасының 8 (7172) 90-90-34 телефонына хабарласа алады.

Қаржы полициясы қыз­мет­кер­лерінің шағын және орта бизнес қызметіне негізсіз араласуының әр­бір жағдайы төтенше оқиға ретінде қарастырылады.

Шағын және орта бизнес субъек­тілеріне негізсіз тексеруді басқа бақылау органдары арқылы тағайындау немесе бастамашылық ету фактілері анықталған жағдайда, басшылар және орындаушылар қаржы полициясы органдарынан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 781
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px