Үнемді қаржыға – үлгілі әрекет - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Үнемді  қаржыға – үлгілі  әрекет
2015 жыл ел аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғаны белгілі. Сол кезде этно-мәдени бірлестіктер орналасып, ұтымды жұмыс ұйымдастыруына арналған ғимарат Қарағанды және Қызылорда облыстарында ғана болмаған еді. Қазір облыс орталығындағы Достық үйі ымыра мен бірліктің ұясына айналып отыр. Оның құрылысын жүргізу кезінде 4,3 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделген.
Достық үйінің құрылысын жүргізу құжаттарын әзірлеуге 2013 жылға дейін 172 млн. теңге жұмсалды. Құжаттарға сәйкес, жалпы сомасы 6,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап, құрылыс жұмыстары Қарағанды қаласына қарасты аудан әкімдігі орналасатын ғимарат ретінде жүргізілді. Алайда, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жетіспеуіне байланысты әкімдіктің әкімшілік ғимаратын балабақшаға бейімдеу туралы шешім қабыл­данды.
Алайда, жобаға алдын ала жасалған сараптама қорытындысы ғимараттың 4-қабаты көтеріліп қойылуына байланысты ҚР СниП және СанПиН талаптары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мекемесі болуға жарамсыздығын айғақтап берді (ереже талаптарына сәйкес, балалар бақшасының ғимараты 2 қабаттан аспауы тиіс).
Соған орай, бюджет қаржысын үнемдеу және құны 6,2 млрд. теңге болатын жаңа ғимараттың құрылысын салуға жол бермеу мақсатында әкімдік ғимаратын Достық үйі ғимаратына бейімдеп салу туралы шешім қабылданды. Бұл, өз кезегінде, 4,3 млрд. теңге бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік сараптама қоры­тындысы бойынша аталған жоба­ның сметалық құны, жалпы алғанда, 1,842 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде:
– құрылыс-монтаждау жұмыс­тары – 1,377 млрд. теңге;
– қондырғылары, жиһаз, арна­йы техникалар (дыбыстық, жарық беру қондырғылары және тағы сол сияқтылар), ұйымдық техникалары, медиа-қасбеті – 255 млн. теңге;
– инженерлік желілері – 62 млн. теңге;
– абаттандыру шаралары – 142 млн. теңге.
Жапсарлас негізде дөңгелек үстелдер өткізуге арналған көлемді атриум салынды, онда 430 орындық концерт залы, 100 орындық мәжіліс залы, би сыныптары, лингафон кабинеттері, шеберханалар және басқа да көптеген қажетті орындар бар. Нысанның жалпы аумағы 7,268 шаршыметрді құрады.
Ғимарат мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бойынша қабылданып алынды.
Бүгінгі күні Достық үйінде 23 этно-мәдени бірлестік орналасқан және тиімді жұмыс жүргізуде. Алуан түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 282
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px