Қоғамдық ахуалға – қырағы көзбен - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі мәселелері жөнінде көшпелі жиын өткізді.

Асылбек Жексенбайұлы көшпелі жиын өткізіп, Қарағанды қаласы ІІБ Орталық полиция бөлімі №2 учаскелік полиция пунктіне және Жол-патрульдік полиция полкіне арнайы барды.

Жиынға Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Бұқар жырау адандарының әкімдері мен қала-аудандардың жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

ІІД жергілікті полиция қызметінің биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері жиынға өзек болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттерді орындау мақсатында жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Жергілікті полиция қызметі жергілікті билік органдары мен халық алдында есеп береді.

Қарағанды облысында жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) жұмысын жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, осынау ведомство қалыптасу үстінде. Оның жұмысына халық баға береді.

Жергілікті билік органдары осы қызметтің жұмысын жүйелі жолға қою үшін жан-жақты қолдау көрсетуде.

Мәселен, биыл облыстық бюджеттен ЖПҚ-ның материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін 140 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат арқылы 8 «Шкода Рапид», 15 «УАЗ» автокөлігін, 75 бейне-жетон және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алу көзделген. ЖПҚ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту қатаң бақылауда болатыны жиында айтылды.

Көшпелі жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары осы мақсатқа жұмсалатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану сондай-ақ, сатып алынатын жабдықтардың сапасына баса назар аудару керектігін ескертті.

Сонымен қатар, халықпен кездесу­лердің де санына емес, сапасына ерекше көңіл бөлу керектігін тапсырды.

Себебі, Асылбек Дүйсебаев атап көрсеткендей, полицияның жүйелі жұмысы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына зор ықпал етеді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2567
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px