Қоғамдық қауіпсіздікке – қатаң бақылау - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелерін талқылаған жиын өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан ҚАРИН қатысты.

– Қарағанды облысындағы барлық мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз байланыс орнатылып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы ахуалды және уақыт талабын ескере отырып, осы мақсаттағы жұмыстардың жаңа тәсілдерін енгізуіміз қажет, – деді аймақ басшысы.

Жиында мәлім болғандай, антитеррорлық комиссияның жұмысы террористік идеологияның алдын алуда нәтижелі болуы қажет. Қазір қоғамның түрлі саласын – діни конфессияларды, кәсіпкерлік ортаны, бұқаралық ақпарат құралдарын, жастар мен өзге де үкіметтік емес ұйымдарды бір арнаға тоғыстыратын ортақ мақсатты айқындауымыз қажет.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2488
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px