ОБЛЫСТЫҢ абыройын асырды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

ОБЛЫСТЫҢ абыройын асырды
Көкшетау қаласында жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша (математика, биология, физика, химия, информатика, география) республикалық олимпиаданың шешуші кезеңі болып өтті. Көкшетаулықтар еліміздің түкпір-түкпірен келген 700-ден аса парасатты, білімді  оқушыларды құшақ жая қарсы алды. Біздің Қарағанды облысынан 36 оқушы қатысты. ҚТЛ-ден барған оқушылар 11 жүлделі орынды иеленіп, облыстың атын асқақтатты. Білім сынағына түскен 3-еуі мақтау қағазын алса, екеуі Алматы қаласының кез келген жоғары оқу орнына түсуге сертификат алып қайтты.
Сонымен, №1 Қарағанды қазақ-түрік лицей-интернаты оқушылары бір алтын, бес күміс, төрт қола медальды қанжығасына байлады. ҚТЛ-дің 11 сынып оқушысы Мұрат Тиышқұл химия пәнінен алтын медаль алып, Халықаралық Менделеев олимпиадасы жеңімпазына лайық екендігін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар, 5 күміс медальға:  физика пәнінен 11 сынып оқушысы Темірхан Сайлау, 10 сынып оқушысы Темірлан Амангелдинов,  химия пәнінен 10 сынып оқушысы Дамир Дүйсембаев, биология пәнінен 10 сынып оқушысы Арсен Оразбек, биология пәнінен 10 сынып оқушысы Алшын Жақұлов ие болды. Қола медальды да қолдан шығармады. 4-қола медальға: 10 сынып оқушысы Мұрат Мереков /математика пәнінен/, 9 сынып оқушысы Алдияр Рақым /биология пәнінен/, 11 сынып оқушысы Темірлан Мәжитов     /физика пәнінен/, 10 сынып оқушысы Нұртілек Несіпбай /физика пәнінен/ ие болды.
Олимпиадаға қатысушылар Біржан сал, Ақан Сері,  Шоқан Уәли­ханов сияқты белгілі адамдардың Отанын аралап, қаланың көрікті жерлерімен танысты. Театрға барып, мұражайдағы шығармашылық адамдардың көрмесін тамашалады. Көкшенің ең бір әсем және шипалы өңірі Бурабайды көріп қайтты.  
Балалар  өздеріне жаңа достар тауып, алдағы олипиадаға дайындалу үшін көп тәжірибе жинақтады.

Ләззат МАЛИКОВА,
№1 қазақ-түрік лицейі директорының орынбасары.
 
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 113
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px