Ok (о’кей) - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ok (о’кей)
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Танысыммен телефон арқылы хат алмастым. Сөзінің соңын «ok» (о'кей) деп түйіндеді ол. «Жақсы» деп мен қалдым...
Енді, ойланайын. Әлгі «о'кэйге» таңданғаным жоқ. «Тілге жеңіл» (Абай), құлаққа сіңіп кеткені ғой. Бірақ, мұның төркініне үңіліп көрдік пе?
Бұл – ағылшынның сөзі. «Бәрі жақсы!» немесе «келісемін» дегенді білдірсе керек. Түрлі ғалымдар бұл сөздің шығу тарихына да талай зерттеу жүргізген, болжам айтқан. Бір ғана мысал келтірейік. 1839 жылдың 23 наурызы. Американдық «Бостон Морнинг» газетінің редакторы жергілікті компания туралы сатиралық мақала жазыпты. Сонда әлгі қаламгер «бәрі дұрыс» (all correct) деген тіркесті «оk» деп қысқартып жазады-мыс. Содан не керек, оқырман дұрыс қабылдап, осы сөздің қолданыс аясы кеңи түскен.
Міне, оқырман дұрыс қабылдады. Ол сөз кең қолданысқа енді! Бірден айтайық, әңгіменің турасы – әлеуметтік желідегі пікір алаңына қатысты. Айтпақшы, тақырыпқа «о'кей» деп айдар тағып, ағылшынның тілін әспеттеуден, тіптен, аулақпыз!
Әлеуметтік желіде отыратындардың жас ерекшелігінде шек жоқ. Үлкенді ары қойғанда, жас­өспірім мен бала да осында. Интернетке емінгенге көз тұнады қазір.
Желідегі кейбір белсендінің жазғанында қате өріп жүр. Ішіңіз ашиды. Қайтесіз?! Бұған жарнама берушілердің жазғанын қосыңыз. Өткенде біреуі «Қазақстанның екінші мемлекеттік тілі – орыс тілі» деп «көпіріпті». «Әй дейтін әжені, қой дейтін қожаны» іздедім. Жоқ.    
Әдеби шығарманы оқымай, әлеуметтік желіні «мекендейтін» жас ұрпақ көріп отыр мұны. Олар осы шимай-шатпақтан ой түйеді. Сонда, ертеңі – елдің ертеңі не болады?...
Ойланыңыз, оk (о'кей)?

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 208
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px